Нарық

Нұрлы жер: Жұмыс беруші үлгілі қызметкердің баспанасына алғашқы жарнаны құя алады

  • Сурет ашық дереккөзден алынды

    Сурет ашық дереккөзден алынды

Министрлер кабинеті "Нұрлы жерді" мемлекеттік бағдарлама ретінде бекітті. Ал "7-20-25" ипотекалық бағдарлама болып қала береді. Аталған екі құжатты үндестіру мақсатында "Нұрлы жерге" бірқатар өзгерістер енгізілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, "Нұрлы жерге" енгізілген маңызды өзгерістердің бірі - жұмыс берушінің өз қызметкерінің баспанасы үшін алғашқы жарнаны құю тетігі.


"Біз мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға өз қызметкерлеріне жәрдем жасауға рұқсат бердік. Мәселен, 20 проценттік алғашқы жарнаны құю керек деп отырмыз ғой. Соған көмектесуге болады. "Тұрғын үй жарнасы" дейміз ғой. Осындай тетіктерді енгізіп жатырмыз. Жақсы жұмыскер болса, сол қызметте көп жылдар жұмыс істесе, көмек беруге болады. Ауруxанада, басқа жерде, ауруxананың жағдайына қарай ақшасы болса, жұмыскерлерге ондай көмек жасауға болады", - деді Қ.Өскенбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.


Айта кетейік, "Нұрлы жерге" енгізілген тағы бір өзгеріс - ипотекалық заемдарды субсидиялауды тоқтату. Себебі аталған шаралар "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы аясында атқарылады.


Бұдан бөлек, бұрын әкімдіктер салған үйлер тек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына ғана берілсе, бұдан былай барлық азаматтарға таратылады.


Аталған бағыт бойынша өңірлерде бір шаршы метрдің бағасы 140 мыңнан аспайды. Ал Астана, Алматы, Ақтау мен Атырауда 180 мың теңгеден артық болмайды.


"Сосын, бұрын әкімдіктер өздері ғана салушы еді ғой. Бірақ ол үшін конкурс өткізу керек, тендер және тағы басқа рәсімдері көп. Қазір біз айтамыз, оны өздеріңіз жасай бермей, сол жердегі компаниялар өз ақшаларына салып тастаса, жаңағы бағамен сатып алуға болады. Сонда уақытты үнемдейміз. Дайын үй болса, оны сатып алу құқығын беріп отырмыз", - дейді Қ.Өскенбаев.


 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31