Нарық

"Нұрлы жер": қанша баспана салынғаны белгілі болды

  • "Нұрлы жер": қанша баспана салынғаны белгілі болды

Бүгін үкіметте "Нұрлы жер" бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елімізде 69,9 мың баспана салынды, деп мәлім етті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

2018 жылы баспана бағасы қандай болады?

Министр баяндағандай, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 591,3 млрд теңге, оның ішінде 108,4 млрд. теңге мемлекеттік инвестиция жұмсалған.


"7,9 млн. шаршы метр тұрғын пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға артық. Бағдарламаның жылдық жоспарына орай тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 78,2%-ға орындалды. Барлығы 69,9 мың баспана салынды", — деп атап өтті Қасымбек үкімет отырысында.


Оның айтуынша, биыл сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 25 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға 5 936 пәтердің құрылысы басталған. Оның ішіндегі 2 697 пәтер биыл пайдалануға берілетін болады. Қазіргі уақытта Атырау мен Жамбыл облыстарында 78 пәтер дайын, қалғаны жоспар бойынша жылдың соңына дейін тапсырылмақ.


"Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған 60 мың жер учаскесіне, оның ішінде бұдан бұрын берілген 35,8 мың және жаңа 24,8 мың учаскеге инженерлік коммуникация тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасы аясында 6 өңірде бірыңғай сәулеттік стильде 1975 үйдің (219,3 мың шаршы метр) құрылысы жүргізіліп жатыр, оның ішінде 362 үй биыл пайдалануға беріледі", — деді министр.


Министрдің мәліметіне сүйенсек, жергілікті атқарушы органдар тарапынан кредиттік тұрғын үйлер бойынша 8495 пәтер жоспарланған. Іс жүзінде жылдың басынан бері 3731 пәтер пайдалануға берілді және жылдың соңына дейін 4764-і тапсырылады.

Жалдамалы баспана енді халықтың екі санаты үшін ғана салынады

Бұдан бөлек, "Байтерек девелопмент" АҚ салып жатқан кредиттік тұрғын үй бойынша 6570 баспана салу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта 4625 пәтер пайдалануға берілді және жылдың соңына дейін қосымша 1945 пәтер тапсырылмақ.


"Құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру тетігі биыл 2-ші тоқсаннан бері белсенді жұмыс істей бастады. Бүгінгі күні екінші деңгейдегі банктер құрылыс компанияларының құны 57,2 млрд. теңге болатын 32 жобасын қарап жатыр. Жалпы 35,1 млрд. теңге сомасындағы 17 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде өңірлік үйлестіруші кеңестер және екінші деңгейдегі банктер 12,2 млрд. теңге сомасындағы 11 жобаны мақұлдады, 22,9 млрд. теңге сомасындағы 6 жобаға шарт жасалды. Қалған 15 жобаны екінші деңгейдегі банктер қарау үстінде", — деп хабарлады Қасымбек.


 




Көрілген: 434    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 23.10.2017, 14:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30