Нарық

Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Hub» жұмысын ресми іске қосты

  • Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Hub» жұмысын ресми іске қосты

    Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Hub» жұмысын ресми іске қосты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің жұмысын ресми іске қосу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, Эстония Премьер-Министрі Юри Рактас, халықаралық ІТ-қоғамдастығының негізгі өкілдері, технология саласында танылған сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер, сондай-ақ бірқатар елдің мемлекеттік секторларының өкілдері, ғалымдар, цифрлық әзірлемелер саласының мамандары, венчурлық инвесторлар қатысуда. «Бүгін біз Astana Hub-ты ашып отырмыз. Бұл Қазақстанның цифрлық әлемі үшін ғана емес толықтай алғанда маңызды оқиға саналады. Барлықтарыңызды инновацияны дамытуға белсенді қатысуға шақырамын және Astana Hub компаниялар үшін әлемдік танымалдыққа ие болу жолындағы трамплинге айналарына сенімдімін. Біз күш біріктіру арқылы барлық алға қойылған мақсаттарға жедел әрі тиімді қол жеткізе алатындығымызға сенімім мол. Ал мақсат белгілі - қазақстандықтар бүкіл әлемнен артта қалып қоймауы керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы бүгінде Қазақстан посткеңестік елдері ішінде реформалар қарқыны, жан басына шаққандағы экономика көлемі мен дамуы бойынша алдыңғы қатарлы мемлекетке айналғанын баса айтты.

 


Айта кетейік, Astana Hub миссиясы - ел экономикасын нығайту үшін стартап-мәдениетті дамыту және жоғары технологиялық жобаларды қолдау. Алдағы уақытта технопарк Қазақстан инновациясының экожүйесін дамытудың өзегі әрі локомотивіне айналып, технологиялық бизнесті дамыту үшін халықаралық деңгейде мойындалған хаб болуы қажет. Жалпы Astana Hub 2022 жылға қарай стартап-резиденттерді инвестициялау көрсеткішін 67 млрд теңгеге жеткізуді мақсат етіп отыр.




Көрілген: 253    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30