Нарық

ОҢАЙ! карталарының теңгерімінен қолма-қол қаражат алуға болады

  • © Pandaland.kz

    © Pandaland.kz

ОҢАЙ! мобильді қосымшасының қолданушылары ОҢАЙ! карталарынан қолма-қол қаражатты шешіп алу қызметін қолдана алады.


Қаражатты негізігі картаның теңгерімінен кез келген Qazkom банкоматтары арқылы шешіп алуға болады.


«ОҢАЙ! картасының және мобильді қосымшасының қолданушыларынан алынған ұсыныстарды талдау нәтижесі, азаматтардың жиі сұралатын сұраныстарының бірі ОҢАЙ! карталарының теңгерімінен қолма-қол ақшаны шешіп алу мүмкіндігі туралы екендігін көрсетті. Енді бір картадан екінші картаға қаражатты аудару қызметіне мобильді қосымша арқылы жасалатын халықтың сұранысына ие болған қызмет түрі де келіп қосылды», – деді «Оңай Рау» ЖШС директоры Александр Зайкин.


Мобильді қосымшаның негізгі экранында «Аудару» тетігін басу қажет және «Қолма-қол ақшаны банкомат арқылы шешіп алу» қызметін таңдау қажет. Ары қарай қаражат шешіп алынатын картаны таңдау керек, қажетті қаражат мөлшерін көрсету керек және соңында операцияны растау қажет. Оңай картасының теңгерімінде сұраныс жасалған қаражат мөлшері бар болған жағдайда, телефон нөміріне операцияны растау үшін арнайы код келеді, оны қосымшаға 30 минуттың ішінде енгізу қажет.


Телефонға «7000» қысқа нөмірінен 10-реттік санның (әрқайсысы 5 саннан) екі бөлігі келеді. Сол сандарды банкоматка енгізу қажет. Ол үшін қолданушы «Қолма-қол ақшаны код арқылы алу» қызметін таңдауы қажет және екі бөлініп келген сандарды енгізу керек. Келесі кезекте ОҢАЙ! картасынан шешіліп алынатын қаражат мөлшері енгізіледі (комиссияның есебінсіз).


Шешіп алуға арналаған минималды сома: 2000 теңге, максималды сома 20 000 теңге. Егер 24 сағаттың ішінде банкоматтан ақшаны шешіп алу процедурасы жасалмаса, қаражат ОҢАЙ! картасының теңгеріміне қайтарылатын болады.


«Оңай Рау» ЖШС – ОҢАЙ! картасының көмегімен жасалатын көліктік емес төлемдердің операторы. 2016 жылдың 25 желтоқсанынан бастап «Оңай Рау» ЖШС және «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қазақ банк аралық есеп орталығы» РММ бірлесе отырып, ОҢАЙ! карталарын қолдануда көліктік емес төлемдерді жасау мүкіндігін енгізу жобасын іске асырды.


«Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС (АКХ)- ОҢАЙ! көлік картасының көмегімен жасалатын көліктік төлемдердің операторы. Негізгі қызметі – мәліметтерді өңдеу, төлемдерді процесстеу, төлемдердің электронды қаражатын эмиссиялау, өзара есеп жасауді жүргізу, сату және есептеуді ұйымдастыру, агенттерді агрегациялау, қоғамдық көліктердегі жол ақысының төлемін бақылау.


24.kz


 




Көрілген: 606    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.02.2018, 15:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31