Нарық

Орталық Азиядағы үш ірі компрессорлық станция іске қосылды

  • Орталық Азиядағы үш ірі компрессорлық станция іске қосылды

    Орталық Азиядағы үш ірі компрессорлық станция іске қосылды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазТрансГаз» бірлесіп үш жаңа компрессорлық станцияны іске қосты. Олар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырындағы «Арал» КС, Қазақстан-Қытай магистральды газ құбырындағы КС №5 және №7.




Компрессорлық станциялардың салтанатты ашылуы Тұңғыш Президент күніне орайластырылды. Шалғайдағы станциялардың ашылу салтанатына ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Шәріпбаев қатысты.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, №5 және №7 компрессорлық станциялар «С» желісіндегі газдың өткізгіштігін жылына 20-дан 25 млрд кубометрге дейін ұлғайтады. Енді «А», «В» және «С» желілерінің жалпы жиынтық күші 55 млрд кубометр газ өткізеді. Сонымен отандық газ-көлік жүйесі жаңарып, Еуразия өңіріндегі алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылды.




Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, облыс тұрғындарын осынау маңызды жаңалықпен құттықтап, «Арал» компрессорлық станциясының өте қысқа мерзімде, небәрі 7 айда салынғанын, жаңа жұмыс орындарының ашылғанын, шалғай аудандар мен ауылдарға қарқынды түрде газ өткізіліп жатқандығын айтты.




«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Шәріпбаев атап өткендей, іске қосылған компрессорлық станциялар маңызды стратегиялық мәселелерді шешеді, еліміздің оңтүстік өңірін тұтастай газбен қамтамасыз етеді және алдағы уақытта Қытайға экспортталатын қазақстандық газдың көлемі артады. Сонымен отандық газ саласы Мемлекет басшысының еліміздің көліктік-транзиттік мүмкіндігін арттыруға қатысты берген тапсырмасын орындап отыр.




«Қазақстан-Қытай» трансұлттық газ құбырын қалыптастыруға қатысты жоғарыда аталған нысандардың құрылысы толықтай аяқталды. Бұл ірі халықаралық жоба, өйткені Қазақстан-Қытай магистральды газ құбыры 4 мемлекетті – Түркменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қытай біріктіреді. Сондықтан бұл оқиға Қазақстан үшін ғана емес, өңірдегі барлық мемлекеттер үшін маңызды.



 




Көрілген: 985    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.11.2018, 17:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31