Нарық

«Өз үйім» бағдарламасына құжат қабылдау басталды -ТҚЖБ

  • © baq.kz

    © baq.kz

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына өтінім қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беретінін хабарлайды, - деп жазады банктің ресми сайты.


Атап айтқанда, елордада осы бағдарлама бойынша мына нысандарға өтінім қабылданады: Астана қаласы «Комсомольский» тұрғын үй алқабы ауданында салынған үй-жайлар, паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй.


Мекенжайы: Астана қаласы Есіл ауданы, Комсомольский тұрғын үй алқабы. Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2018 ж. 31.07.


Тұрғын үйдің 1 шаршы.м. құны: «таза» әрлеумен 240 000 теңге.


Жайлылық сыныбы: IV


Пәтер саны: 445


1-бөлмелі пәтер түрі: 178 пәтер, ең жоғарғы аудан 46,45 м2


2-бөлмелі пәтер түрі: 122пәтер, ең жоғарғы аудан - 66,77 м2


3-бөлмелі пәтер түрі: 139 пәтер, ең жоғарғы аудан - 86,1 м2


4-бөлмелі пәтер түрі: 6 пәтер, ең жоғарғы аудан - 101,2 м2


Қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі: 2017 жылғы «15» наурыздан 2017 жылғы «13» сәуірге дейін. Балл есептеу күні (кандидаттарды іріктеу) (Нысанды келіскен жағдайда): 2017 жылғы 14 сәуір.


Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Интернет-банк» бөлімінде беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.


Өтініш тек банк салымшыларынан ғана қабылданады. Бағдарламаға қатысуға өтініш берумен Банк салымшылары Нысанның іске асырылуын келісуге дауыс береді. Нысанды келісу кезінде салымшылар берген өтініштер Бағдарламаға одан әрі қатысу үшін қабылданады. Егер Банкке өтініш қабылдау аяқталған күнге дейін Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың нысанды келісуге жеткілікті өтініш саны берілмеген жағдайда, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады», деп нақтылады банк.


baq.kz




 




Көрілген: 2853    Пікірлер: 4
Пікірлерді оқу (4) preloader

бейсенбі, 16.03.2017, 17:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31