Нарық

Өзбек жүргізушілері қазақ шекарасындағы былықтарды жайып салды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісі үшін жүргізушілер кеден қызметкерлерін кінәлады. Өзбекстандық жүргізушілердің айтуынша, шекарада мәселе ақшасыз шешілмейтін көрінеді.


Ғұлам Махмадәлі; жүк көлігінің жүргізушісі:


-Мысалы, мына кептелісте тұрғанымызға 4 күн болды. Ал, егер 300 доллар берсең 20 минутта өтесің. Бұл туралы барлық жүргізушілер біледі. Бірақ бір тиын бермей өтетін жерге қыруар пара беруге қалтамыз көтермейді. Сондықтан, кезегімізді күтіп бірнеше күндеп тұруға мәжбүрміз.


Жүргізушілердің айтуынша оңтүстіктегі әр кеден бекеті алдында бірнеше шақырымдық кептелістің қалыптасқанына жылға жуық уақыт болған.


Мысалы, мына «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекеті алдында 6-7 шақырымдық кептеліс үзілмейді. Артық салмақты сылтауратқан кеденшілер мөлшерден тыс уақыт тексеріп, мазаңды алады дейді жүк тасымалдаушылар. Ал, мемлекеттік кірістер департаментіндегілер болса мұның бәрін жоққа шығарады. Бұл жағдайды Өзбекстанмен арадағы тауар айнылымының артқанымен байланыстырады. Ал, күнгейлік кеденшілер пара алмақ түгілі бекеттерде шамадан тыс көлік өткізіп жатыр деп ақталады.


Марат Құлакеев, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқармасының басшысы:


-Әр кеден бекетінде сенім телефондары орнатылған. Пара алу болмаса өзге де шағымдар бойынша бізге шағым түсірсе болады ғой. Ал, бізге ондай ешқандай шағым түскен емес.


 ktk.kz




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 10:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31