Нарық

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың бір бөлігі зейнетақы жарнасын төлеуден босатылды

  • © qazaquni.kz

    © qazaquni.kz

Қазақстанда фрилансерлердің біраз бөлігі зейнетақы жарнасын төлеуден босатылды.


Жалдамалы жұмысшы ретінде еңбек етіп, азаматтық-құқықтық шарт бойынша қызмет атқаратын азаматтар зейнетақы жарнасын төлеуден босатылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.


Азаматтық-құқықтық шарт бойынша істейтін жеке тұлғалар үшін заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар зейнетақы жарнасын төлейтін болады. Олар салық агенті ретінде "фрилансерлердің" жеке кіріс салығын есептеп, төлейді.


Азаматтық-құқықтық шарт жасасқандар өз пайдасына міндетті зейнетақы аударымдарын жасауға құқылы.


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылып отырады, деп мәлімдеді еңбек министрлігі. Жаңа салымшылар үшін шот БЖЗҚ-ға түскен алғашқы жарна негізінде ашылады.


Назарбаев бірыңғай жиынтық төлем туралы заңға қол қойды


Тиісті ережелерге өзгертулерді 2019 жылдың алғашқы тоқсандығында енгізу жоспарланған.


Желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев халықты жұмыспен қамту туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтушы қазақстандықтар бірыңғай жиынтық төлем жасауға міндетті.


Sputnik


 




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

жұма, 04.01.2019, 15:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31