Нарық

Париждегі үй. Қазақстандықтардың Францияда қанша жылжымайтын мүлігі бар?

  • © Sputnik / Александр Юрьев

    © Sputnik / Александр Юрьев

Францияда қазақстандықтардың 60-тарта жылжымайтын мүлігі бар. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті салық салу әдіснамасы департаментінің директоры Қайрат Жолмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды   Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Францияда сатып алынған мүлікке қатысты резонанстық мәселені ескере отырып айтқым келетіні, құзырлы органның мәліметі бойынша Францияда азаматтарымыздың меншік құқығында тұрған 60-қа тарта жылжымайтын мүлік бар. Біздің тарапымыздан белгілі бір жұмыс жүргізілді, бұл жылжымайтын мүліктің барлығы салық формасында көрсетілген", — деді ол.


Айта кетсек, өткен жылдың соңында БАҚ беттерінде Қазақстан үкіметі Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алды деген ақпарат тарап, жұрт біраз шулаған еді. Алайда кейін мемлекеттік кірістер комитеті қымбат пәтердің иесін анықтады.


"Біз Франциядағы әріптестерімізге сұрау салдық. Олардан жауап келді, бірақ салық төлеуші өзі туралы мәліметтерді жариялауға рұқсат берген жоқ. Сондықтан біз айта алмаймыз. Ол үкімет адамы емес", — деді комитет төрағасының орынбасары Мәди Тақиев.


 


 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.07.2018, 19:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31