Нарық

Пойыздар қазақстандықтар үшін ыңғайлы кестемен жүре бастайды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жаз басталысымен курорттық аймақтарда демалуды жөн көретін адамдардың саны артатыны белгілі. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ демалушыларға ыңғайлы пойыз кестелерін іске қосқалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Нақтырақ айтқанда, Астанадағы және Орталық Қазақстандағы жолаушылардың Балқаш пен Алаккөлге қарай тасымалын қамтамасыз ету үшін қосымша пойыз шығып отыр: № 253/254 «Астана-Достық» пойызы Астанадан 17 маусымнан 30 тамызға дейін (бейсенбі және жексенбі сайын), Достықтан кері Астанаға қарай 18 маусымнан 31 тамызға дейін (дүйсенбі және жұма күндері) жүреді.


Жолаушыларды отырғызу және шығару - Астана-1, Қарағанды-Сұрыптау, Қарағанды, Ағадыр, Мойынты, Балқаш, Саяқ, Ақтогай, Бескөл, Ақши, Көктұма, Жалаңашкөл, Достық стансылары арқылы жүргізіледі.


Сонымен қатар, «Семей-Жалаңашкөл» және «Өскемен-Жалаңашкөл» бағдарларын ұйымдастыру көзделген.

 




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.06.2018, 14:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31