Нарық

Реакторлы рейтинг: 2017 жылдың ең бай адамдары

  • Реакторлы рейтинг: 2017 жылдың ең бай адамдары

    Реакторлы рейтинг: 2017 жылдың ең бай адамдары

Әлемдегі ең бай жеті адам — еркектер. Және олардың бірге қосқандағы байлығы, планетаның 50 пайыз адамдарының байлығына тән. Ал біз қоштасып бара жатқан 2017 жылда байлығы мен дәулеті тасыған бай адамдардың тізімін ұсынбақпыз.


Бил Гейтс: 75 млрд. доллары



Ең ұзақ уақыт әлемдегі ең бай адам болып келген. Microsoft компаниясының негізін салушы. 2000 жылы ол компанияның басты директорының орнынан, өз шешімімен кеткен болатын. 2016 жылдың аяғында ол 30,1 млрд. долларын, қайрымдылық фондына өткізді. 


Омансио Ортега: 67 млрд. доллары



Еуропадағы ең бай адам. Ол әлемге әйгілі Zara модалық үйінің негізін қалаушысы. Ол ең бірінші Zara дүкенін 1975 жылы ашты. Омансио Ортега Zara компаниясының 59 пайызының иегері. Zara компаниясы қазір 102 млрд. доллар тұрады.


Уорен Баффет: 60,8 млрд. доллары



Әлемдегі ең ірі қайырымдылық бөлуші. Berkshire Hathaway компаниясының негізін салушы. Әлемдегі ең ірі әрі әйгілі инвестор. Ол әр жыл сайын қайырымдылыққа несие бөледі. 2017 жылы қайырымдылыққа бөлінген ақша мөлшері 3,2 млрд. долларға теңелді. 


Карлос Слим Хелу: 50 млрд. доллары



Мексикалық Магнат America Movil телекомуникациялық компаниясының негізін салушы. Компанияның рыноктық бағасы 42 млрд. долларға жетті. Оған бұл компанияның 7 пайызы тиісті. 2014 жылы ол әлемнің ең бай адамы аталған болатын. 


Джеф Безос: 45,2 млрд. доллары



Әйгілі Amazon компаниясының негізін салушы. Қазіргі уақытта Amazon компаниясының тұрақты бағасы 500 млрд. доллардан асады. Ол 2015 жылдың аяғында қайырымдылыққа 100 млн. доллар бөлді. 


Марк Цукерберг: 44,6 млрд. доллары



Марк Цукерберг студенттік кездерінде, 2004 жылы Facebook қоғамдық желісінің негізін салған болатын. Кейін, ол Facebook ты үлкейтіп, оны пайдалы ете білді. Ол және оның әйелі компанияның 99 пайызын сатуға уәде берген болатын. Қазір Facebook компаниясының бағасы 50 млрд. доллардан асады. Марк Цукерберг қайырымдылыққа 4 млрд. долларын бөлді.


Дереккөзі: Реактор




Көрілген: 415    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 14.12.2017, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Qazcom мен Halyk bank бірігеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31