Нарық

Рубль құлдырап кетті: министр теңгенің алдағы тағдыры туралы айтты

  • © Foto: Официальный сайт ЕЭК

    © Foto: Официальный сайт ЕЭК

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциясы теңге бағамына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"6 сәуірде санкция жарияланғанан кейін бірінші сауда күні бұл барлығына кері әсер етті. "РУСАЛ" акциялары едәуір құлады. Ресейлік рубльдің едәуір өзгергенін байқап отырмыз. Біріншіден, біздің экономикамызға әсерін бағалау үшін алдағы екі-үш күнде жағдай қалай өрбитінін көруіміз қажет. Сіздер білесіздер, нарықта бұл қобалжу туғызды. Оның үстіне кейбір мәселелер саясатпен байланысты. Сондықтан, ең әуелі, Ресейде қалай дамитынын бағамдауымыз керек. Егер рубль жүйелі түрде әлсіресе, онда белгілі бір әсерін тигізетін шығар", — деді министр.


Сүлейменов қазір министрлік ұлттық банкпен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.


"Қазір премьер-министрдің төрағалығымен экономикалық саясат бойынша кеңес өтіп жатыр. Онда бұл мәселе де қаралады. Қазіргі таңда Ресейдегі жағдай қаншалықты жүйелі сипатқа ие болатынын анықтап, содан кейін біздің экономикаға баға беруге болады",- деді ол.


Министр Ресейге жарияланған санкциядан кейін айырбас пунктерінде теңге бағамының өзгеруі девальвацияға жатпайтынын атап өтті.


Айта кетсек, АҚШ Ресейдің бірқатар ірі бизнесмендері мен жоғары шенді шенеуніктерін, бірқатар компаниясын санкциялық тізімге енгізген болатын. Осының салдарынан рубль құлдырап, ресейлік компаниялардың акциялары арзандап кетті.


Бүгін ұлттық валюта бағамы бір долларға шаққанда 324,62 теңгені құрады. 9 сәуірдегі таңғы сессияның қорытындысы бойынша бір доллар 320,11 теңге болған еді.


 


 




Көрілген: 763    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.04.2018, 14:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31