Нарық

Садықова: Қазақстанда қауiптi аурулардың сәтсiз диагностикасы — үлкен проблема

  • © pharmnews.kz

    © pharmnews.kz

Қазақстандағы үлкен проблема - қауiптi аурулардың сәтсiз диагностикасы. Бұл туралы брифингте ТМД-дағы «ТHTC» кеңселерi жұмысы жөнiндегi басшысы Халида Садықова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.


«Бүгiнгi таңда Қазақстанда медициналық туризмдi дамыту мәселесi аса өзектi болып отыр. Бiз осы саланы Түркия моделi бойынша дамытуға тырысамыз. «ТHTC» Түркияның медициналық туризм жөнiндегi қауымдастығы осындай қызметке сертификатталған Түркияда құрылған алғашқы ұйым. Ұйымның негiзi 2005 жылы қаланған. Бүгiнгi таңда әлемнiң 90 елiнде 151 кеңсесi бар. Қазақстанда Астана мен Алматыда кеңселерi бар. Сондай-ақ, 375-тен астам денсаулық сақтау саласының маманы қауымдастық мүшесi саналады. Қазiргi таңда Түркияның GSI аккредитациясы бар 61 клиникасы бар. Бұл аккредитация клиниканың барлық халықаралық стандарттарға сай келетiнiн, шетелдiк пациенттердi қабылдауға құқылы екенiн, жоғары кәсiби мекеме екенiн бiлдiредi» - дедi ТМД-дағы «ТHTC» кеңселерi жұмысы жөнiндегi басшысы Халида Садықова.


Ал «THTC» Түркияның медициналық туризм қауымдастығының Астана қаласындағы өкiлi Шолпан Есмұхамбетованың айтуынша, бiрiншi кезекте онкологиялық ауруларға байланысты өтiнiштер көп түседi. Одан кейiн науқастардан нейрохирургияға байланысты сұраныс көп. Диагностика мен ортопедияға байланысты өтiнiштер де жиi кездеседi. Осыған орай, Түркия доцентi, ортопед-травматолог доктор Гокай Гормели Астана пациенттерiн екi күн бойы қабылдамақ.


Халида Садықова қазақстандықтардың шетелге емделуге ағылмауы үшiн елiмiзде медицина саласы мен медициналық туризмдi дамыту керек дейдi.


«Бүгiнгi күнi елiмiзде трансплантология саласы жақсы дамыған. Дегенмен, бiзде ота жасау мүмкiндiгi болғанымен, пациенттi отадан кейiн қарау мәселесiнде қиындықтар туындайды. Сондықтан, осы саланы дамыту керек. Елiмiзде медбикелер жұмысын жетiлдiру қажет. Себебi, негiзгi жұмысты медбикелер атқарады. Ал доктор, профессор өз жұмысын жасайды, яғни, ота жасайды. Ал пациенттi күтумен операциялық медбикелер немесе жан сақтау бөлiмiнiң медбикелерi айналысады. Бұл аса маңызды. Бiзде ерте диагностика мәселесi аса өзектi. Менiң ойымша, Қазақстанда бiр ғана үлкен проблема бар. Ол - қауiптi аурулардың сәтсiз диагностикасы. Себебi, тiптi онкологиялық ауру болса да диагностикасы ерте кезде жасалған пациенттiң жазылу және ұзағырақ өмiр сүру мүмкiндiгi бар. Ал рактың үшiншi, төртiншi сатыларында жазылу әрине күмәндi. Дегенмен, елiмiзде барлығы жаман емес, медицина саласы бiртiндеп дамып келедi», - дейдi Халида Садықова.




 




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30