Нарық

Салықтан жалтарған шымкенттік дөкейлер қымбат көліктерінен айырылды

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Шымкентте салықтан жалтарған дөкейлер көліксіз қалды. Қалада бірнеше жылдап салық төлемеген дәулетті азаматтардың кесірінен мемлекетке 112 миллион теңге қарыз жиналып қалған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Салықтан жалтарған дөкейлерді мемлекеттік кірістер басқармасы мен жергілікті полиция қызметкерлері көшеде қуып жүріп, мүліктерін тартып алды.


Қалдағы бір ғана Еңбекші ауданында көлік салығын төлемеген 6500 азаматқа сот шешім шығарған.


Бақуатты азаматтардың мемлекетке берешегі жүз миллион теңгеден асады.



"Автокөлікті айыппұл тұрағына жеткіземіз. Көлікті көріп, бағалау жұмыстарын жүргізіп, электронды аукцион арқылы сатамыз. Одан түскен ақшаны мемлекеттің қазынасына құямыз. Егер борышкер салығын төлеп үлгерсе, көлігі айыппұл тұрағынан жүргізушіге қайтарылады", - дейді ОҚО өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Мақсат Қожанов.



Бірнеше қымбат көлікті тізгіндей тұра, оларды туған-туыстарының атына жазып қойғандардың арасында да салықтан жалтарып жүргендері бар.


Ондай "Шығайбайларды" да анықтау орган қызметкерлеріне тапсырылды.



Немесе жылдар бойы пайдаланылмай, салығы да төленбей, гараж, аулаларда қаңтарылып тұрған көліктер болуы мүмкін.

 




Көрілген: 807    Пікірлер: 0

сенбі, 19.05.2018, 11:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31