Нарық

"Самұрық-Қазына" халықаралық банктерге қарызын мерзімінен бұрын қайтарды

  • © Sputnik / Владимир Трефилов

    © Sputnik / Владимир Трефилов

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жұмысының нәтижесі туралы компанияның экономика және қаржы жөніндегі бірлескен басқарушы директоры Ернар Жанәділ айтып берді.


"Қор мен оның жетекші портфелді компанияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту жұмыстарының нәтижесі көңіл көншітеді. Атап айтқанда, алғашқы жартыжылдықта "Самұрық-Қазына" халықаралық банктерден алған 900 миллион доллар бірлестірілген кредитін мерзімінен бұрын өтеді. Оның мерзімі 2020 жылға дейін болатын", — деді Жанәділ баспасөз конференциясында.


Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" 1,6 миллиард доллардың еурооблигациясын, "Самұрық-Энерго 39 миллиард теңгені мерзімінен бұрын қайтарған


"Мұның барлығы қаржы тұрақтылығын жақсартуға мүмкіндік берді", — деп түйіндеді ол.


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ – жалғыз акционері Қазақстан үкіметі саналатын холдинг. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы құрылды.


"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы — Ахметжан Есімов.


Sputnik


 




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

жұма, 03.08.2018, 16:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31