Нарық

Сәпиев Исекешевке Астана әуежайындағы автотұрақ тарифіне шағымданды

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

"Астана Арланс" клубының бұрынғы бас директоры, қазірде Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев Instagram желісінде Астана әкімі Әсет Исекешевке әуежайдағы автотұрақ құнының шектен тыс қымбат екенін айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы автотұрақ құнының тым қымбат. Көлікті жабық паркингке қойса, тәулігіне 2000 теңге, орынды сома. Алайда әуежай алаңындағы ашық аспан астында көлік қалдырса бірінші екі сағат 400 теңгеден де, келесі әрбір сағаты үшін 1500 теңге төлеу қажет. Бұдан шығатыны тәулігіне 33 400 теңге төлейсіз. Я бағдарлама дұрыс ойластырылмаған, я бұл халыққа арналмаған. Себебі келесі тәуліктерде алдыңғыдай емес, әрбір келесі сағаты үшін 2500 теңге тарифі бойынша", - деп жазды Сәпиев.


Ол бұл шараның заңсыз тасымалдаушы такси жүргізушілеріне қарсы ойластырылған болуы мүмкін екенін болжады.


"Алайда, біріншіден, олар көліктерді бірнеше тәулікке қалдырмайды, әуежай мен қала арасында қатынап жүреді. Екіншіден, кез келген адам олардың азаймағанын растап береді. Әкімдіктен және әуежай басшылығынан бағаны реттеуді сұраймын. Әсет Орынтайұлы, Сіз бұл мәселеден хабардарсыз ба?", - деп сұрады депутат елорда әкімінен.



tengrinews.kz

 




Көрілген: 243    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 12.08.2017, 17:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 16:48
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31