Нарық

Сараланған тарифтер: Халық коттеджде тұратындар үшін төледі

  • © NV.kz

    © NV.kz

Бүгін Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин дифференциалды тарифтерді не себепті алып тастағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Енді, қараңыз, электр энергиясы үшін күндізгі тариф 15 теңге болды. Кешкі тариф - 31 теңге, ал түнгі уақытта 4-6 теңге алды. Сонда түнгі тариф энергияны өндіру бағасынан да төмен болды. Бізде жеке секторда тұратын кейбір үйлер бір айда 6 мегаватқа дейін тұтынды. Бұл шағын зауытқа кететін энергиямен бірдей. Демек, дифференциалды тарифтер энергияны су тегін тұтынуға мүмкіндік берді», - деді С.Жұманғарин бүгін Парламент Мәжілісінде тарифтерді белгілеу мәселесіне арналған жиында.


Вице-министрдің сөзіне қарағанда, дифференциалды тарифтер кезінде көпқабатты үйлерде тұратын халық коттедж иелері үшін төлейді. Себебі заң бойынша монополист түнгі тариф сияқты жеңілдіктерден шығын көрсе, соның барлығын жалпыға ортақ тариф арқылы өтей алады.


«Мәселен, мен пәтерде тұрамын. Жылу бәрімізге ортақ. Маған түнгі тарифке көшудің қажеті жоқ. Дегенмен, ондай жеңілдікті барынша пайдаланған адамдар болды. Ал түнгі тарифтің мөлшері энергияның өз бағасынан төмен болғандықтан, заң бойынша монолистердің ондай шығындары өтелуі тиіс. Сонда олар жыл сайын түнгі тарифтен келген шығындарын бізге әкеледі. Ал қаңтар айынан бастап біз жалпыға ортақ тарифтерді тура сол шығындар өтелетіндей көтеріп отырдық. Былайша айтқанда, халықтың басым бөлігі (пәтерде тұратындар - авт.) өз үйлерін электр энергиясымен жылытып отырғандар үшін төлеп келді. Қазір біз бәрін өз орнына келтірдік», - деді С.Жұманғарин.


Оның айтуынша, дифференциалды тарифтер кезінде ірі кәсіпорындар да, шағын бизнес те аталған жеңілдікті пайдалана алмады. Себебі еңбек заңнамасына сәйкес, түнгі уақытта қызметкерлерді жұмыста ұстауға болмайды. Ал кешкі 19:00-ден 23:00-ге дейін олар 1 кВТ үшін 31 теңге төледі. Бұл әдеттегі тарифтен екі есеге артық.


«2014 жылы аталған мәселені бірінші болып Павлодар облысының бизнесмендері көтерді. Оларға Батыс Қазақстан қосылды. Содан кейін Парламент Мәжілісінде «дөңегелек үстел» өтті. Сол кезде марқұм Дьяченко Үкіметке депутаттық сауал жолдап, дифференциалды тарифтерді алып тастауды сұрады. Біз де талдау өткіздік. Оған сәйкес, 2019-2014 жылдары, яғни бес жылдың ішінде түнгі тарифтерді тұтынатын адамдардың саны тек жарты процентке ғана көбейді. Меніңше, экология мен тарифтің арасында ешқандай байланыс жоқ. Бұл - таза популизм», - деп атап көрсетті С.Жұманғарин.


Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов түнгі тарифті қайта енгізу мәселесін тағы да көтерді.


Оның ойынша, аталған тарифтің арқасында қала экологиясын жақсартуға болады. С.Есілов ол жайында бұған дейін де айтқан.


«Меніңше, бұл проблеманы кешеуілдетпей шешу қажет. Оның бірнеше әдісі бар. Кезінде электр энергиясына сараланған тариф, яғни түнгі тариф енгізген едік. Сол кезде көптеген котедждің иелері түнгі уақытта электр энергиясын пайдаланатын. Ал қазір күні-түні көмір жағып отыр. Үкімет себебін түсіндірместен сараланған түнгі тарифтен бас тартты. Ал кезінде осы тарифті енгізген кезде мұны электр энергиясын өндірушілер үшін де, халық үшін де жақсы әрі тиімді боларын айтқан еді. Аталған түнгі тарифті қайтарып, проблеманы біршама шешуге болады», - деген болатын С.Есілов.


 


 




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.01.2018, 18:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31