Нарық

Сарапшы Қытай валютасының құнсыздану себебін түсіндірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қытайлық сарапшылар юаньның девальвацияға ұшырауын доллар бағамының артуымен түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпараттың» меншікті тілшісі.


«Инда Секюритис» компаниясының бас экономисі Ли Дасяо «Global Times» басылымына берген сұхбатында осындай пікір айтты.


«АҚШ доллары соңғы күндері өздігінен нығайып келеді, осы жағдай юаньның қазіргі бағамына әсер етіп отыр», - дейді ол.


«Global Times» аналитиктерінің айтуынша, доллар бағамының арту тенденциясы АҚШ Федералдық резервтер жүйесінің басшысы Джероми Пауэллдің 18 шілдедегі базалық проценттік мөлшерлемені біртіндеп арттыру қажеттілігі туралы мәлімдемесінен кейін айқын байқала түскен.


Еске сала кетейік, 2018 жылғы 20 шілдеде Қытай валютасының бағамы жылдың ең жоғарғы көрсеткішіне жетіп, 1 АҚШ доллары 6,790 юаньды құрады.


Ал АҚШ президенті Д. Трамп пен қаржы министрі С. Мнучин Қытайды саудадағы бәсекелестікте басымдыққа жету үшін юань бағамын әдейі құбылтып отыр деп айыптаған.


 




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.07.2018, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31