Нарық

Сарапшылар арзан ипотека қай елдерде екенін анықтады

  • © РИА Новости

    © РИА Новости

Сарапшылар әлемдік нарықтағы ұсыныстарды сараптай келе, тиімді ипотека ұсынған елдердің рейтингін жасады, - деп жазады "Вести Финанс".


Сарапшылардың мәліметіне қарағанда, ең тиімдісі Жапониядан ипотека алу. Онда ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі 1,2 пайыз ғана.


Ал рейтингтің екінші орнында 1,42 пайыздық мөлшерлемемен Швейцария тұр. Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, Швейцарияда ипотеканы өмір бойы төлеуге болады.


Рейтингтің үштігін Финляндия қорытындылап тұр. Онда ипотекалық мөлшерлеме 1,5 пайыздан асады. Алайда мұнда пәтер бағасы өте қымбат екен - бүгінде бір шаршы метрі шамамен 2 мың еуро.


Ал тізімнің кейінгі орындарында ипотеканы 1,87 - 2,1 пайыздық мөлшерлеме аралығында ұсынған Швеция, Словения, Германия, Чехия, Литва, Тайвань және Аустрия елдері бар.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.12.2017, 09:53

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Наурыз, 17:07
Ең пайдалы бизнес

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30