Нарық

Сәуірден бастап кез келген кәсіпті ашуға несие беретін жаңа бағдарлама жарияланады

  • © Mobile-testing.ru

    © Mobile-testing.ru

Сәуір айынан іс бастап, оны дамытамын деушілерге арнайы бағдарлама жарияланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.


Жаңа бағдарламамен кез келген кәсіпті ашуға несие беріледі. Ал қаражаттың 50-85 пайызына мемлекет кепіл болады. Биыл қалаларда жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 10 млрд теңге, ауыл мен шағын қалаға 27 млрд теңге бөледі. Кәсіпкерлерге құлаққағыс. Бұрыннан бизнеспен айналысатындарға 50 пайыздық кепілдік қарастырылған. Атап өтетіні, олардан кепілдікке ақша алынбайды. Яғни кәсіпкерлер үшін бұл қызмет түрі тегін болады.


Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:


- Бұл бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асады. Біріншісі –несиелендіру. Оның аясында бизнесін енді бастап жатқандар кез келген кәсіптің түріне займ алады. Несиенің шекті көлемі –18 млн теңге. Ал мөлшері 6 пайыз болады. Үміткерлердің кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы серфикаттары болуы керек. Болмаған жағдайда «Бизнес бастау» жобасына қатыса алады.


24.kz


 




Көрілген: 15901    Пікірлер: 15
Пікірлерді оқу (15) preloader

бейсенбі, 30.03.2017, 21:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31