Нарық

Сенаторлар тарифтердегі бағалық айырмашылықты төмендетуді ұсынды

  • Сенаторлар тарифтердегі бағалық айырмашылықты төмендетуді ұсынды

    Сенаторлар тарифтердегі бағалық айырмашылықты төмендетуді ұсынды

Сенат отырысында депутат Әлімжан Құртаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, елде бірыңғай тариф енгізу мәселесін қарастыруды сұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Парламент сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Біздің Сізге депутаттық сауал жолдауымыздың себебі өңірлер арасында газ, электр энергия тарифтеріндегі бағалық айырмашылықты төмендету мақсатында елімізде бірыңғай орта тариф енгізу мәселесі болып табылады. Табиғи газ, электр энергия тарифтері республикамыздың әр өңірінде әртүрлі, әсіресе басқа өңірлерімен салыстырмалы түрде Оңтүстік Қазақстан облысында тарифтердің құны ең жоғары деңгейде. Тарифтердің қымбат болуы облыстағы халықтың әлеуметтік жағдайына, шағын, орта және ірі бизнестің дамуына кері әсерін тигізіп өндірістің дамуын тежейтін фактор болып отыр», - делінген хабарламада.


Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи газ тарифі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап:


- жеке тұлғалар үшін 34 475,20 тг/1000 м3;


- заңды тұлғалар үшін 36 103,97 тг/1000 м3;


- жылу энергиясын өндіретін заңды тұлғалар үшін 25 148,26 тг/1000 м3.


Ал, Ақтөбе облысында жеке тұлғаларға 1000 м3 табиғи газға 8,4 мың тг., Маңғыстау облысында 9,4 мың тг., Қызылорда облысында 19,9 мың тг., Жамбыл облысында 26,1 мың тг. Сонымен қатар, көршілес мемлекеттермен салыстырар болсақ, Өзбекстан республикасында заңды және жеке тұлғаларға біріңғай тарифтің бағасы 1000 м3 – 263,4 мың сум (10,5 мың тг.), Ресей федерациясының астанасы Мәскеу қаласында біріңғай тарифтің бағасы 1000 м3 – 6,4 мың рубль (25,3 мың тг.) құрайды.


Ал электр энергия тарифіне келетін болсақ, жеке тұлғаларға 1 кВт/сағ.- 14,84 тг., заңды тұлғаларға 1 кВт/сағ. - 24,87 тг.(салыстырмалы түрде ШҚО 12,21 тг.). 2017 жылы электр энергия тарифі өспесе де, басқа облыстармен салыстырғанда жоғары болуда. Жылына тұтынатын 1,1 млрд.м3 табиғи газдың 65%, 4,1 млрд/кВтсағ электр энергияның 45% өндіріс орындары, орта және шағын бизнес пайдалануда.


Оған қоса, Оңтүстік Қазақстан облысында орташа жалақы мөлшерінің деңгейі басқа облыстармен салыстырғанда төмен деңгейді көрсетуде, мәселен ОҚО - 98,9 мың.тг, БҚО - 136,3 мың.тг, ШҚО - 118,6 мың.тг, Қызылорда - 117,9 мың.тг құрап отыр. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы экономикалық жағынан белсенді халықтың жұмыспен қамтылғаны 42,2% құраса, ал күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар тұрғындар 31,3% құрайды.


Бұл ретте республикамыздағы шағын және орта бизнестің ең үлкен үлесі 15,3% Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі екенін ескерсек, тарифтердің өсуі халықтың ең тығыз орналасқан өңірдің өндірілген тауарлардың өзіндік құнының жоғары болуына, бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне, халықты жұмыспен қамтудың кемуіне, өңірге инвесторлардың келуін азайтуға және жеке кәсіпкерлердің басқа өңірлерге ауысып кетулеріне әкеліп соғуда.


«Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, Жоғарыда баяндалған негізінде, Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи газбен қамтамасыз етудегі ерекшеліктерін ескере отырып және өңірлер арасында газ, электр энергия тарифтеріндегі бағалық айырмашылықты төмендету мақсатында елімізде бірыңғай орта тариф енгізу мәселесін қарастыруыңызды сұраймыз. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес депутаттық сауалды қарау нәтижесі туралы заңмен белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз», - деп жазады сенаторлар өздерінің ұсынысында.




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.01.2018, 13:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30