Нарық

Шағын несие бизнестің дамуына серпін беріп, халықтың жағдайын жақсартады – Азат Перуашев

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

 Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қазақстандықтарға өз ісін бастау үшін шағын несие беруді жалғастыру керек екенін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізе беруді тапсырды. Осы орайда аталған мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Азат Перуашев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Мемлекет басшысының бұл бастамасы өте орынды. Егер біз елімізде кәсіпкерлікті дамытамыз десек, оған жағдай жасау керек. Бизнес бірден ірі кәсіпке айналмайды. Себебі, ол дамып, ірі бизнеске айналуы үшін уақыт пен қаржы керек. Азаматтар өз кәсіптерін осындай дәрежеге жеткізуге шамасы жетпей жатады. Егер несиені алу үшін халықта кепілдікке салатын меншігі жоқ болса, оларды біз далада қалдырмауымыз керек. Сондықтан мемлекет тарапынан осындай азаматтарға көмек көрсетілуі қажет», - деді депутат.


Оның айтуынша, елімізде азаматтарға шағын несиені беруді кеңейтіп, шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік тудырады.


«Бұл – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың бір жолы. Біз әсіресе ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін азаматтарға өте жеңіл шартпен несие берсек, олар мал шаруашылығымен айналысуға, егін егуге мүмкіндік алады. Соның арқасында азаматтар өз кәсібін ашып, жағдайын жөндейді. Кейін өз кәсібін кеңейтеді», - деп түйіндеді сөзін Азат Перуашев.


 


 




Көрілген: 679    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.03.2018, 21:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30