Нарық

Шекарада қандай сомаға сатып алынған тауарға салық салынбайды

  • © Tengrinews

    © Tengrinews

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке қолданысқа арналған тауарларды елге баж салығынсыз алып кірудің жаңа нормалары қолданылады. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА .


Келер жылдың қаңтар айынан бастап жеке қолданысқа арналған тауарларды Қазақстан аумағына баж салығынсыз алып өту нормалары: 500 еуро және 25 келі.


Жаңа нормалар автомобиль, теміржол және теңіз көлігімен, соның ішінде «Қорғас» Шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арқылы кіргізілетін жанында иесі бар және иесі жоқ тауарлар жүгіне қолданылады.


«Орнатылған нормалар асырылған жағдайда, құнынан 30 пайыз мөлшерлемемен кедендік төлемдер жасау талап етіледі. Бірақ жалпы құны және/немесе салмақ нормасы тұрғысынан әр келісі үшін 4 еуродан кем болмауы тиіс», - делінген Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.


Айта кетейік, 2018 жылдың соңына дейін 1500 еуродан аспайтын және салмағы 50 келіге дейін болатын тауарларды баж салығынсыз өткізуге болады.


 




Көрілген: 758    Пікірлер: 0

жұма, 21.12.2018, 17:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31