Нарық

«СҚ-Фармация» компаниясы дәрі-дәрмекке қанша үстеме қосады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі бірыңғай дистрибьютор болып саналатын «СҚ-Фармация» компаниясы бағаға қосылатын үстемені көлемін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«СҚ-Фармация» ЖШС 2009 жылы Үкімет қаулысымен бірыңғай дистрибьютор ретінде танылған. Бұл квазимемлекеттік ұйым, 100% акциясы денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі. Вице-министр Алексей Цой жетекшілік ететін қадағалау кеңесі жұмыс істейді. ҚР ДСМ Комитетінің төрайымы ретінде мен де қадағалау кеңесіне мүшемін. Министр бұйрығымен бекітілген үстеме ақы бар» , - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


«СҚ-Фармация» ЖШС басқарушы директоры Гүлнәр Омарова мекеменің үстеме ақысы туралы сұраққа жауап берді. «2017 жылы 100 мың теңгеге дейінгі дәрілік заттар үшін 7% үстеме ақы бекітілген. Сатып алу нәтижесі бойынша үстеме ақы денсаулық сақтау министрлігі бекіткен шекті бағаға емес, сатып алу нәтижесінде құрылған бағаға лайықталады. 7%-тегі біздің үстеме ақы орташа алғанда 6,5%-ті құрайды. Оның 3% логистикалық қызметке кетеді, тең жартысы мемлекеттік бюджетке және қалған проценті «СҚ-Фармация» ЖШС-ның дамуы мен штаттық бірлігіне жұмсалады», - деді Г. Омарова.


 




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.02.2018, 21:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30