Нарық

Солтүстікке көшкен адамды жұмысқа алған кәсіпорынға миллион теңге төленеді

  • © inform.kz

    © inform.kz

Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің медиа орталығында әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша халықты ақпараттандыру деңгейін арттыратын "Әлеумет" бағдарламасы таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Шара барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев жастарды еңбекпен қамту үшін мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға тоқталды. Соның бірі – оңтүстік өңірлердің жастарын солтүстік аймақтарға көшіріп, жұмысқа орналастыру.


"Жастарды еңбекпен қамтудың тағы бір пәрменді шарасы – өз еркімен басқа өңірге қоныс аударуға жәрдемдесу. Сіздер білесіздер, солтүстік өңірлерде жұмыс күші тапшы. Өкінішке қарай, солтүстіктің жастары үлкен қалаларға, Астанаға қоныс аударып жатады немесе тағы бір бөлігі Ресейге оқуға, қызметке кетеді. Солтүстік өңірлерде демография оң көрсеткішке ие емес, жұмыс күші жетіспейді. Ал басқа өңірлерде, мәселен оңтүстікте жағдай басқаша. Онда керісінше жұмыс таба алмай жүрген жастар көп", — деді Әлтаев.


Вице-министрдің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының жастары СҚО, ШҚО, Павлодар, Қостанай облыстарына көше алады.


"Біз қоныс аударатын адамның жұмысқа орналасқысы келетін кәсіпорнымен келіссөздер жүргіземіз. Содан кейін қоныс аудару процесі басталады. Мемлекет өз тарапынан басқа аймаққа көшетін жасқа 35 АЕК, яғни 84 175 теңге (көшіп барған әр отбасы мүшесіне) көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Баспананы жалға алу үшін бір жыл бойы 16-дан 30 АЕК-қа (38 мыңнан 72 мың теңгеге дейін) дейін төленеді (отбасы мүшелерінің санына және қала не ауылға көшетініне байланысты)", — деді Әлтаев.


Сондай-ақ, оның айтуынша, қоныс аударған адамды жұмысқа алған кәсіпорын да құр алақан қалмайды. Мемлекет жұмысқа алған әр адам үшін кәсіпорынға 450 АЕК, яғни 1 082 250 теңге мөлшерінде субсидия төлейді. Қоныс аударғандарды жұмысқа алатындар үшін субсидия қарастырылған.


"Былтыр оңтүстіктен солтүстікке 3350 адам қоныс аударған болатын. Биыл олардың саны 9000-ға жетеді деп жоспарланып отыр", — деді Әлтаев.


 


 




Көрілген: 721    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.02.2018, 16:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30