Нарық

Стандартты ипотекамен үй алу – 1

  • Стандартты ипотекамен үй алу – 1

    Стандартты ипотекамен үй алу – 1

Қазір елімізде үй алудың түрлі жолдары бар. Ең көп тарағаны стандартты ипотека. Осы ипотеканы алу үшін не қажет? Қойылатын ең басты екі талап бар: 


1.Алғашқы жарна. Сіз алатын пәтер құнының 10-30%. Алғашқы жарна мөлшерін есептеу үшін алатын үйдің бағасын жүзге бөліп, шыққан санды онға немесе жиырмаға көбейтесіз. Алғашқы жарнадан қалған сома сіздің мүмкіндігіңізге қарай бірнеше жылға ипотека ретінде беріледі.


2.Соңғы алты айдағы табысыңызды растау, яғни, соңғы жұмыс орныңызда кемі 6 ай жұмыс істеген болуыңыз керек. Табысты растамаған жағдайда салатын алғашқы жарнаңыз 50-70% құрайды.


Мысал үшін өзім анық білетін Сбер банктің (Сбер банк России) ипотекасын түсіндірейін. Сбер банкте Астана және Алматы қалаларының өз басы үшін алғашқы жарна 20%, ал қалған облыстар үшін 30%. Мәселен сіз Қарағанды қаласынан немесе Астананың іргесіндегі Лесная Полянадан (Астана қаласына емес, Ақмола облысына жатады) 7 млн тұратын пәтерді 15 жылға алмақсыз делік. Алғашқы жарнасы 2 млн 100 мың болады (30%). Қалған 4 млн 900 мыңды ипотекаға ресімдеу үшін қолға алатын айлығыңыз 130 мыңнан кем болмауы тиіс. Және басыңыз бос болуы немесе балаларыңыз 18 жастан асқан болуы керек. Осы талаптарға сай болсаңыз ай сайынғы төлем 60-80 мыңның мұғдарында шығады. 15 жылда 4 млн 900 мыңды банктің үстемесімен 12 миллиондай етіп қайтарасыз.


Егер балалы-шағалы болсаңыз немесе басыңызда басқа несие болса қосалқы кепілгер (гарант) тарту керек болады. Гарант болатын адамның да басында несиесі жоқ, жалақысы жоғарырақ (кемі 60 мыңнан жоғары) болғаны жақсы. Ескеріңіз, гарант болған адам сіз ипотекаңызды толық төлеп біткенше өзіне ипотека немесе ірі көлемде несие ала алмайды. Себебі сіз алған ипотека ол адамның мойнына да ілініп, жауапкершілікті теңдей қарыз есебінде көтереді. Сосын банктердегі несие бюросының базасында да кепілгер адамның аты-жөні шығып тұрады.


Ескеріңіз! Кез келген банк ипотека ресімдегенде екі жолды ұсынады: комиссиямен және комиссиясыз. Біріншісінде беретін сомадан белгілі бір мөлшерде (5-7%) комиссия ұстайды. Сізге дұрысы да осы. Себебі комиссиясын ұстағанда ипотеканы 15-17 пайызбен береді. Ал комиссиясыз ресімдесе бұл пайыздық мөлшерлеме 21-23% болады. 10-15 жыл бойы 21-23 пайызбен ипотека төлеу тым қымбатқа түседі.


Сонымен қатар Сбер банкте жас отбасыларға жеке ипотекалық бағдарлама бар. Оның шарттары бөлек.

Қазір Қазақстан Халық Банкі, Банк ЦентрКредит, Сбербанк, Форте банк, АТФ банк стандартты ипотека береді. Казкоммерцбанк пен Нұрбанк ипотека беруді уақытша тоқтатқан. Ал Еуразиялық банк тек өзінде кепілде тұрған, сатылымға шығарған пәтерлерді ипотекаға ресімдейді. Яғни үйлерін кепілге қойып немесе ипотекаға алып, ақшасын төлей алмаған елдің үйлері. Мұндағы пәтерлердің саны шектеулі. Сондай-ақ АТФ банк өзінде кепілде тұрған пәтерлерді де ипотекаға береді. Аталмыш пәтерлер туралы толық ақпаратты банк сайтының «сатылымға шығарылған жылжымайтын мүліктер» бағанынан біле аласыз.


P.S.: Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасымен, Қазақстан Халық Банкі, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы және құрылыс компанияларынан үй алу жолдарын келесі жазбаларда жазамын.


Автор: А.К


reactor.inform.kz




Көрілген: 1254    Пікірлер: 0

сенбі, 02.12.2017, 22:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30