Нарық

Сүлейменов азық-түлік бағаларының неге қымбаттағанын түсіндірді

  • Сүлейменов азық-түлік бағаларының неге қымбаттағанын түсіндірді

    Сүлейменов азық-түлік бағаларының неге қымбаттағанын түсіндірді

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің неге қымбаттағанын түсіндірді.


Министрдің айтуынша, өткен аптамен салыстырғанда аталған азық-түліктердің бағасы 0,2%-ке өсіпті. Ал жылдың басынан бастап бағалардың жоғарылауы 1,9%-ті құраған.

«Қант, қырыққабат, күріш, тауық етіне бағалардың өсуі байқалады. Азық-түлік бағаларының негізгі өсу себептері Еуразиялық экономикалық одақтың нарығында өнімдердің қымбаттауы мен тауарлардың өзіндік құны құрамындағы үсте шығыстардың өсуі болып саналады», - деді Тимур Сүлейменов.


Сондай-ақ министр әрбір тауардың бағасы не себепті өскеніне жеке-жеке тоқталды.


«Қазақстандық қанттың елеулі бөлігі импорттық шикі қанттан өндіріледі. Бірінші кезекте Ресей Федерациясы нарығындағы жағдаймен байланысты. Осы жылдың 9 айында қырыққабат экспорты ұлғайып, 18,6 мың тоннаны құрады. Осыған байланысты қырыққабаттың бағасы басқа көкеністермен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Маусымдық шығындарға байланысты қырыққабаттың бағасы алдағы уақытта да өсуі мүмкін», - деді ол.


Сүлейменовтың айтуынша, күріш бағасының қымбаттауы жанар-жағармай материалдары мен коммуналдық шығыстар бағаларының көтерілуіне байланысты екен.


«Тауық етіне бағаның өсуі құс етінің шамамен 50% АҚШ-тан импортталатынымен байланысты. АҚШ доллары бағаманың өсуіне байланысты импортталатын тауық еті де қымбаттады», - деп түйіндеді сөзін министр.




Дәурен ЕРБОЛАТ


BAQ.KZ




Көрілген: 1384    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.11.2018, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31