Нарық

Табыс теңсіздігінің 40% еңбек ақы мөлшеріндегі айырмашылыққа байланысты...

  • Табыс теңсіздігінің 40% еңбек ақы мөлшеріндегі айырмашылыққа байланысты...

    Табыс теңсіздігінің 40% еңбек ақы мөлшеріндегі айырмашылыққа байланысты...

Табыс теңсіздігінің 40% еңбек ақы мөлшеріндегі айырмашылыққа, 7%-ы әлеуметтік трансферттердің саралауына, ал қалған 53%-ы кәсіпкерлік кіріске байланысты...


Табыс теңсіздігі бұл жеке адамдардың немесе отбасы, әр түрлі тұрғылықты топтардың, облыс немесе қала тұрғындарының табыстары арасындағы айырмашылық. Мамандардың айтуынша, осы алшақтаудың 40% еңбек ақы мөлшерінің айырмашылықтарына, 7%-ы әлеуметтік трансферттердің саралауына, ал қалған 53%-ы кәсіркерлік кірістердің саралауына байланысты.

Кірістер (табыс) – есептік кезең ішінде экономикалық пайданың көбеюі немесе активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің азаюы. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктердің болу себептеріне байланысты қоғамда экономикалық мүмкіндіктерді теңестіру мүмкін болмайды, тіпті дамыған елдерде қазірдің өзінде бай және кедей топтағы азаматтар өмір сүреді.

2016 жылы ҚР xалқының шынайы табыстары 4,5%-ға төмендеген. Бұл 16 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Оған дейін бұл xалықтың шынайы табысынын көрсеткіші бойынша антирекорд 2009 жылы 3,1 %-бен тіркелген. Тұрғындардың сатып алу қабілеттілігінің төмендеуі бір жыл ішінде көрініс тапты.

Өмір сүру деңгейінің қымбаттай түсуін алдымен xалықтың ең аз қорғалған бөлігі сезінеді. ҚР - да 2011-2015 жылдар аралығында күнкөріс минимумы табысынан аз алатын xалық саны екі есе азайды Алайда 2016 жылы бұл үрдіс тек тоқтап қана қалмай, кері байланыс орнады. Яғни, 3 квартал бойынша мұндай қазақстандықтардың саны 452 мың болды, немесе бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6 мыңға көбейді.



Ең аз қамтамасыз етілген xалық санының 10%-ы ең көп қамтамасыз етілген xалық санының 10%-нан да артып түсті. 2015 жылдың 3 кварталдың соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда xалықтың аз қамтылған бөлігі 27 мыңға артты, ал xалықтың жоғары қамтылған бөлігі 18мыңға артты. Бір жыл бұрын xалықтың бай бөлігінің өсімі xалықтың ең аз қамтылған бөлігінің 10%-на 24 мың адамға қатысты 31 мыңға өсті. ҚР-ның жақсы камтылған тұрғындарының 10%-ы жалпы xалық табысының 23,6%-ын құрайды. Осы шарттар жағдайында да, ҚР-ның теңсіздік деңгейі төмен болып қала берді (0,281) алайда 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш өсті.



ҚР-ның ең кедей болып саналатын xалқы елдің оңтүстік бөлігінде орналасқан: Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл, Алматы облысында, Алматы қаласында.




Белгілі американ экономистері П. Самуэльсон мен В. Нордхаустың берген анықтамасы бойынша, кедейшілік – бұл өмір сүрудің ең төменгі шегін қолдауға қажетті табыстың төменгі деңгейі. Кедейшілік деңгейі елдегі табыстардың қайта бөліну масштабтары мен бағытын, салық жүйесінің қайта құрылуын және зейнетақы жүйесін қайта қарауды анықтайды. Кедейшілік деңгейін өмір сүру минимумы көрсеткішімен өлшейді. Егер халықтың табыстары осы көрсеткішке тең немесе төмен болса, онда олар мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы. Әдетте, кедей отбасылар өз табыстарының 1/3 азық-түлік тауарларына жұмсайды. Өмір сүру минимумымен бірнеше көрсеткіштер байланысты: минималды жалақы, минималды зейнетақы, шәкіртақылар, бірқатар жәрдемақылар. Өмір сүрудің осындай шегі кедейшіліктің негізгі сипатты белгісін анықтайды. Өмір сүру минимумы – бұл халықтың өмір сүру деңгейін бағалауда қолданылатын аса маңызды көрсеткіш. Осыдан, халықтың өмір сүру деңгейі деген ұғым туындайды.

Өмір сүру деңгейі – бұл адамдардың өмір сүруінің негізгі қажеттілік-терін қанағаттандыру мөлшерін сипаттайтын тауарлар мен қызметтер деңгейі, әл-ауқаттылық деңгейі, әлеуметтік жағдайлар мен көрсеткіштер жиынтығы.

Өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері: орташа жалақы, зейнетақының орташа деңгейі, өмір сүру минимумының деңгейі; баспана, бір тұрғынға келетін тұрғын үйдің жалпы ауданы; денсаулық сақтау; білім беру; мәдениет; жылжымайтын мүлік және ұзақ қолданылатын тауарлардың болуы; тамақ; демографиялық үрдістер; қауіпсіздік. Өмір сүру деңгейі ұғымымен қатар өмір сүрудің сапасы деген түсінік кеңінен қолданылады. Өмір сүру сапасы – бұл өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерімен қатар рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылу дәрежесін, адамды қоршаған ортаның жағдайларын, моральді-психологиялық климат жағдайларын, рухани ыңғайлылықты есепке алатын жалпылама әлеуметтік-экономикалық категория. Өмір сүру сапасын сипаттайтын көрсеткіштер әдетте, статистикалық өлшемдерге бағына бермейді, сондықтан елдің өмір сүру сапасын бағалау қиын.


Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы

НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ

Қаржы және технология мектебі


 




Көрілген: 571    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 13.10.2017, 22:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30