Тәуелсіз елдің төл маркасы

Тәуелсіз елдің төл маркасы

«САЙМАН» өнімі – халықтың таңдауы!

Кез-келген өркениетті, экономикасы шарықтап дамыған мемлекеттер әлемге өздерінде өндірілетін сапалы өнімдері арқылы танылатыны, сол арқылы ұлттық брендтер қалыптасатыны белгілі. Біле білсек, осындай отандық өнімдер негізінде экономикалық іргетасымыз бұрынғыдан да мықты болып бекиді. Біздің елімізде де тарихы сонау 1992 жылдардан бастау алатын өндіріс ошақтары бар екенін мақтанышпен айтуға болады. Солардың бірі де, бірегейі – ширек ғасырдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан «Корпорация Сайман» ЖШС бүгінгі таңда отандық өндіріс ошақтарының көшбасшысы болып, өзгелерге үлгі болып отыр. Бұл ТМД елдері бойынша сапалы да тиімді, үнемшіл электр санауыштарын жасаушы және құрастырушы зауыттардың алдыңғы сапында тұрған кәсіпорын екенін мақтанышпен айтуға болады. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында аталмыш зауыт отандастарымыз үшін көптеген тамаша электр санауыштарының, басқа көптеген электр приборларының жаңа түрлерін ұсынып, нағыз отаншылдық үлгісін көрсетуде. Қазіргідей қымбатшылық пен дағдарыс белең алған өтпелі кезеңде,өзімізде өндірілетін электр қуатын есептегіш приборларды қолдану - кез-келген адамға, жеке тұлғаларға, кәсіпкерлер мен мекемелерге шығынды үнемдеу үшін тиімді екенін насихаттау мақсатында «Корпорация Сайман» ЖШС директоры Жанат Ақжанов мырзадан зауытта өндірілетін үнемшіл приборлар туралы айтып беруді сұрадық. Төменде сол мақаланы интернет-газет оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз.
***
Әрбір іске жауапкершілікпен қарау, біздің жұмысымыз бен біз шығарытын өнімдер – біздің отандық құрал-саймандар өндіруге қосқан үлесіміз болып табылады.
Біз тұрақты түрде өз өнімдеріміздің максималды түрде сапасын көтеру, ал өндіріс орындарының экологиялық таза болуы үшін талмай ізденіс үстінде келе жатырмыз. Біз қызмет түрлерінің бірнеше түрлерін ұсынамыз:атап айтқанда біркелкі қызметтен ірі жобаларға дейін кепілдік пен сапалы жұмыс істеу.
Біздің негізгі мақсатымыз –жұмыс бабында қарым-қатынасымыз қызметкерлер арасында да, сыртқы әріптестермен де адал әрі сенімді болғанын қалаймыз. Соның арқасында іскерлік белсенділігіміз жылдар бойы тұрақты түрде дамып келеді.


Іскерлік байланыс негізінде тапсырыс берушінің қойған тапсырмасын тиісті деңгейде шешу, аз шығын шығара отырып, тапсырыс берушінің талабына сай орындау болып табылады. Біздің компанияның прициптері мен ішкі кодексі біздерге сенімді, берік және қауіпсіз іскерлік байланыстар құруға көмектеседі.
Ұзақ жылдар бойы сапалы басқару жүйесі үшін алған көптеген марапаттарымыз, ресурстарды тиімді пайдалану – әлемдік сапа стандарттарына сай ең сапалы санауыш аспаптар мен басқа да бұйымдарды жасау жұмысындағы біздің толағай табыстарымыз екенін көрсетеді.
***
Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихында алған асулар, жеткен жетістіктер, өкіндіретін әттеген-айлар да аз емес. Ескі кеңестік жүйе бір-ақ сәтте күйреп қалған кезде отандық өнім өндіретін зауыттар мен фабрикалар саусақпен санарлықтай еді.Елде жаппай алыпсатарлық белең алды.Керек заттардың барлығы сырттан тасымалданды. Міне, сол бір қиын-қыстау кезде нарық теңізіне тайсалмай шығып, не бір белестерді бағындырған компаниялар да болды. Солардың көшбасында болған «Корпорация Сайман» ЖШС күні бүгінге дейін отандық өнім өндіруші компания ретінде еліміздің ғана емес, Еуразиялық Одақ мемлекеттерінің, қала берді алыс шетелдердің нарығына бет бұрды. Аталмыш компанияда өндірілетін «Орман», «Дала», «Отан» электр санауыштары сапасы жағынан әлемдік стандартқа сай приборлар болып табылады.Мұның сыртында ондаған түрлі электр қуаты мен жүйесінің жұмысына қажетті приборлары ішкі нарықтан ойып тұрып орнын алғанын мақтанышпен айтуға болар еді.Бұл өнімдердің бір ерекшелігі сол – қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығы, сенімділігі, үнемшілдігі, заманауи талаптарға сай екені болса керек. Өкінішке орай тұтынушы қауым бірден шетелдік өнімдерді сатып алуға бейім тұрады.Жеме-жемге келгенде сол шеттен жеткізілетін электр жүйесінің қызметіне қатысы бар құралдардың дені сапа жағынан көңілден шықпай жатады. Ал, «Корпорация Сайман» ұсынатын кез-келген құралдардың сапасының жоғарылығы сонда, белгіленген мерзімнен де ұзағырақ уақыт бойы пайдалануға болады екен.Бұдан шығатын қорытынды – әрбір қазақстандықтың үйінде «Сайман» өнімдері болуы шарт.Осы жылдар бедерінде аталмыш корпорацияның отандық нарыққа қосқан үлесі аз емес.Көптеген байқаулар мен көрмелерде маңдайы жарқырап, бірінші орыннан көрініп, талай рет ие болып, ондаған марапаттарға ие болған екен.Солардың бірі – жуықта Елордамыз Астана қаласында арнайы ұйымдастырылған Қазақстанның үздік тауар көрмесі және отандық тауар өндірушілердің II форумында «Корпорация Сайман» ЖШС өнімдері үлкен назарға бөленді. Бұл байқауларға Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен Даму Министрі Жеңіс Қасымбек пен «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасы Президумының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың өзі қатысып, осы компанияның жетекшілерімен пікір алмасулары отандық өндіріс үшін жаслған үлкен қолдау екені сөзсіз. Тимур Құлыбаев өз сөзінде: «Ұлттық палатаның міндеті – отандық өнімдерді тұтынушыларға тікелей өткізетін нарықпен қамтамасыз ету болып табылады» деді. Демек алдағы уақыттарда әрбір қазақстандық үйінде «Орман», «Дала», «Отан» санауыштары,басқадай приборлар қолданыста болуы үйреншікті дағдыға айналар күн де алыс емес.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына «Корпорация Сайман» компаниясы ірі-ірі жетістіктермен, толағай табыстармен жетіп отыр.Ғасырлар бойы Еуразия даласында ат ойнатқан Ұлы Дала ұландары бүгінгі таңда да өз білімдері мен жетістіктерінің арқасында Еуразия кеңістігіндегі Ресей, Европа, сияқты елдердің өндірушілерімен батыл бәсекелестікке түсіп Қазақстан нарығында өз орнын алуы үлкен жетістік, жеңіс екені сөзсіз!Ормандай қалың орыс жұртының өзі «Корпорация Сайманның» сапалы «Орман», «Дала» санауыштары мен басқа да приборларына жоғары баға беріп, қызығушылық танытуы қандай керемет!Ендеше әр қазақтың, әрбір қазақстандықтың үйінде немесе кәсіпорнында «Сайман» өнімдері қолданыста міндетті түрде болуы керек деп ойлаймын.


Бәсекелестік ортада бірден-бір отандық компания болғандықтан және зауытты шетелдік бәскелестерден ерекшелендіру мақсатында компанияда қайталанбас жетістіктер бар.Мәселен, компания өз өнімдеріне кепілдік жөндеу, сервистік, консалтинг қызметтерін сапалы деңгейде ұсынады.Сондай-ақ, Қазақстан территориясында тапсырыс берушінің өтініші бойынша қысқа мерзімде өз жобаларын жүзеге асыра алады. Нарықтың ерекшеліктерін ескере отырып, тұтынушыларымыз алдындағы қызмет көрсету аясын бұрынғыдан да жоғары деңгейге көтереміз.Сондықтан да болар, тапсырыс берушілер үшін жасалатын өнімдеріміздің барлығы да отандастарымыздың талабына сай жасалғандықтан болашағынан үлкен үміт күттіреді.Біздің негізгі мақсатымыз – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігімен қатар дүниеге келген кәсіпорынның дәрежесін, өндіретін өнімдердің сапасын әлемдік деңгейге жеткізу болып табылады.
Сапа мен үнемдеу қағидадаларын ұстанушы кәспорындар мен кәсіпкерлерге , сондай-ақ жеке тұлғаларға әрқашанда есігіміз ашық!
Құрметті қазақстандықтар!
«Отан –от басынан басталады» демекші, отаншылдық –«Корпорация Сайман» өнімдерін сатып алудан, күнделікті барлық қажеттіліктерге пайдаланудан басталатынын тағы да естеріңізге салғымыз келеді. Олай болса отандық өндіріс саласын бірге өркендетейік!
Мәңгілік Елдің әрбір қаласында, әрбір елдімекенінде «САЙМАН» ұсынған «Орман», «Дала», «Отан» санауыштарын жаппай пайдалану – сіз бен біздің азаматтығымызға сын!
Бұл - Ұлы Дала ұландарының бүгінгі ұраны!

Жаңабек Тойбазаров,
журналист 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста