Нарық

Теңге күшеюі мүмкін бе? Ақышев доллар бағамына қатысты пікір білдірді

  • © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

    © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Қазір макроэкономикалық жағдай тұрақты, сондықтан валюта айырбастап, пайда көргісі келгендер ұтылып қалады, деп мәлім етті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.


Ақышев доллар бағамына және ұлттық валютаның әлсіреуіне алып келуі мүмкін алғышаттар туралы сұраққа жауап бере отырып, қазіргі жағдайдың тұрақты екенін мәлім етті. Мұнай-газ, көмір бағасы көтеріліп келеді, тиісінше елге келетін валюталық түсім артатын болады. Сондай-ақ, оның айтуынша, сауда серіктестерімізде де жағдай тұрақты.


"Алаңдауға негіз жоқ. Осы нарықта пайда көргісі келетін азаматтар мен кәсіпорындарға тағы да қайталап айтарым, валюта бағамы өзгерген кезде айырбастау бекеттеріне жүгіріп, одан табыс табуға тырысудың еш қажеті жоқ. Өйткені ұтылып қалуыңызға болады. Себебі макроэкономикалық жағдай жақсы, теңге бағамы күшеюі де әбден мүмкін. Сондықтан қазір валюта сатып алып жатқандар ұтылады", — деді Ақышев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.


Айта кетсек, осыған дейін Ұлттық банк тамызда шілде айымен салыстырғанда доллар 2,2 есе көп сатып алынғанын хабарлаған еді.


Sputnik




 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 26.09.2017, 14:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30