Нарық

Теңге соңғы 10 жылда 204 пайызға құнсызданған

  • Теңге соңғы 10 жылда 204 пайызға құнсызданған

    Теңге соңғы 10 жылда 204 пайызға құнсызданған

Осыдан 25 жыл бұрын пайда болған қазақстандық теңгенің жағдайы ешқашан бірқалыпты болған емес. 2015 жылы еркін айналымға түскен ұлттық валюта бірнеше рет девальвацияны басынан кешірді. Жалпы, теңгенің соңғы 10 жылдың ішінде 204 пайызға құнсызданғаны белгілі болып отыр. Мәселен, 2008 жылдың 1 қазанында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағасы 120 теңге болатын болса, 2018 жылдың күз айында 1 доллардың құны – 364,5 теңгеге бір–ақ жетті. Дәл осы кезде теңгенің 25 жылдық мерейтойы аталып жатқан болатын.


«Forbes Kazakhstan» басылымы өзге елдер ұлттық валюталарының осы уақыт аралығындағы ахуалын зерттеген екен. Мамандар бұл үшін 130 шет елдің төл ақшаларын арнайы зерттеуден өткізген. Нәтижесінде 21 мемлекеттің валютасы 150 пайызға құнсызданып кеткені анықталды.


Басылым мәліметіне сенсек, ең тұрақсыз венесуэлалық боливар валютасы екен. Ол АҚШ долларына шаққандағы 2,15-тен 248000-ға өсіп кеткен.


Екінші орынға Мьянма елінің кьят валютасы тұрақтаған. Ол 24158 пайызға құнсызданған болып шықты. Ел экономикасы 20 жылға жуық уақыт АҚШ тарапынан салынған санкциялардың кесірінен құлдырады. Жалпы, екі ел арасындағы жағдай 1988 жылғы оқиғадан кейін бұзылған болатын. Демократияны талап еткен студенттердің көтерілісін Мьянма елінің билігі әскери күштер арқылы басқан. Алайда, 2010 жылы елде әскери билік азаматтық билікке ауысып, біршама өзгерістердің орын алуына мүмкіндік тудырды. 2015 жылғы сайлаудан кейін, Америка санкцияларын алып тастады. Вашингтонның бұлай жасауына Мьянма билігіне келген Аун Сан Су Чжи себепкер болды. Бұрын оппозиция өкілі болған азамат екі ел арасындағы ынтымақты арттыруды қолға алды.


Аргентиналық песо соңғы 10 жылда 1160 пайызға құнсызданған. Егер 2008 жылдың 1 қазанында песоның АҚШ долларына шаққандағы бағасы 3,13 болатын болса, 2018 жылдың 1 қазанында 1 доллардың құны – 39,48 песоға жеткен. Қазақстан секілді, бұл елдің ұлттық банкі де ұлттық валютаның құлдырауына тосқауыл болуға тырысқан. Осы мақсатта бірнеше рет интервенциялар қабылданған. Дегенмен, билік басындағылар Халықаралық валюта қорымен келісімге келіп, 57 млрд доллар несие алуға мәжбүр болды. Соның салдарынан бюджет шығындары қысқартылып, салық көлемі ұлғайтылды. Келісімге сәйкес, орталық банк валюта дәлізін жасап, өз талаптарын қойды.


Төртінші орында сириялық фунт валютасы. Аталмыш төл ақша 910 пайызға құнсызданған. Экономиканың былайша құлдырауына елдегі азаматтық соғыс өзінің кері әсерін тигізді. Нарықтағы баға әлсізденіп, орталық банк тиісінше жұмыс жасай алмауда.


Бестікте белоруссиялық рубль де бар. Көрші елдің валютасы 987 пайызға құнсызданып кеткен екен.


Фото: 24.kz


zhasalash.kz




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

сенбі, 05.01.2019, 16:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31