Нарық

Тиiмсiз субсидияларды қысқарту қажет – Ауыл шаруашылығы министрi

  • Фото: Qamshy.kz

    Фото: Qamshy.kz

Мемлекеттік қолдау тиімді болуы үшін тиімсіз субсидияларды қысқарту қажет. Үкiмет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Өмiрзақ Шөкеев осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.


Бүгiн министр Қазақстан Республикасы АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің негізгі бағыттарына тоқталды.


«Мемлекеттік қолдау тиімді болуы үшін тиімсіз субсидияларды қысқарту қажет. Тіршілік бір орнында тұрмайды, сондықтан қазіргі мемлекеттік қолдау шараларын да түбегейлі өзгерту керек. Оларды барынша жеңiлдетiп, автоматтандырған жөн. Субсидиялар, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізуге және өнімділікті арттыруға жұмыс істеуі қажет. Баға белгілеуге әсер ететін және Дүниежүзілік сауда ұйымының әдістемесі бойынша «сары себетке» жататын субсидияларды қысқарту жоспарланып отыр. Оларға гектар бойынша субсидиялау, мал шаруашылығында өнім бірлігіне (кг, литр, бас) берілетін субсидиялар жатады», - дедi Шөкеев.


Министрдiң айтуынша, мұндай субсидиялар 2019 жылдан бастап өсімдік шаруашылығынан, 2020 жылдан бастап мал шаруашылығынан алып тасталады. Бұл қаражат пайыздық ставканы өтеу, инвестициялық субсидиялау, сақтандыру, кредиттік серіктестіктер, кепілдік беру институты сияқты бағыттарға жұмсалады.


«Сондықтан, менің ерекше атап өткім келетіні – біз субсидияларды қысқартпаймыз, керісінше қолдау көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының «2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі 4,5 есеге ұлғайтылсын» деген тапсырмасы бар екенін білесіздер. Оның үстіне, бізде қолдауды қажет ететін бағыттар жеткілікті. Жыл сайынғы субсидиялау көлемі (2017 ж – 260,5 млрд теңге, 2018 ж – 227,6 млрд теңге) жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 4-5%-ынан аспайды. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымы деңгейінен (8,5%) әлдеқайда төмен, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен салыстырғанда анағұрлым төмен. Мәселен, 2015 жылы Беларусь Республикасында «сары себет» бағыты бойынша мемлекеттік қолдау көлемі 1,5 млрд долларды немесе 7,5%-ды, Ресейде 3,3 млрд долларды немесе 29,4%-ды құрады», - дейдi Өмiрзақ Шөкеев.




 




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 13:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31