Нарық

Тимур Құлыбаев тұтынушылақ несие алушылардың көбеюіне алаңдаушылық білдірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Банктердің несиелендіру шаралары тиісті деңгейде емес. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


«Ірі банктердегі көрсеткіштерге тоқталсақ, өткен жылы жүргізілген сауықтыру шаралары шынымен де үлкен көмек берді. 3 трлн теңгеден астам қаржы коммерциялық банктерге кірді. Өкінішке қарай, несиелендіру үлесі әлі де тиісті деңгейде емес. Оның көлемі ЖІӨ-ге шаққанда төмендеуде. Мәселен, бізде ЖІӨ-ге қарағанда несиелер үлесі 31 пайыз болған еді, ал қазір 25 пайыздан кем», - деді төралқа төрағасы.


Оның сөзіне қарағанда, өкінішке қарай тұтынушылақ несие алушылар саны өсіп келе жатыр.


«Неге? Себебі тауарлар импорты да артып келе жатқанын көріп отырмыз. Адамдарға тұтынушылық несиелерді береміз, осы қаржыны тұрғындар тауарларды, автомобильдерді алуға жұмсайды. Әрине, бұл біз күткендей нәтиже бермейді», - деп тоқталды Құлыбаев.


Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Атамекен» ҰКП қызметінің 5 жылдық қорытындысы бойынша мәліметтер баяндалды. Онда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және оның орынбасарлары сөз сөйледі.


 




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 13:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31