Нарық

ТМД-да ең кедей қай ел?

  • Фото: © AFP 2017 / Sergei Supinsky

    Фото: © AFP 2017 / Sergei Supinsky

Moody's агенттігі украиналықтар ТМД-ның кедей тұрғындары болып қалатынын болжады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.


Moody's халықаралық рейтинг агенттігінің бағалауынша, Украинаның халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-сі 2017-2018 жылдары ТМД елдері арасында ең төмен болып қалады. Бұл туралы Moody's Investors Service банк тобының директоры Ярослав Совгиру мәлімдеді.


Оның айтуынша, 2017-2018 жылдары жан басына шаққандағы ЖІӨ екі мың доллардан сәл ғана асады.


«Егер жан басына шаққандағы ЖІӨ мұндай төмен болса, бұл халық өте кедей болып қала береді деген сөз», - дейді Совгира.


Агенттіктің болжамынша, Ресейде дәл осы көрсеткіш 10 мың доллардан асса, Қазақстанда – сегіз мың, ал Беларусьте алты мың долларды құрайды. Армения мен Әзірбайжанда ЖІӨ төрт мың долларға жуықтайды.


Moody's өкілі 2008 жылы Украинаның атаулы ЖІӨ-сі сегіз мың долларға жуықтағанын, а 2013 жылы төрт мың доллар шамасында болғанын атап өтті.


Бұған қоса, Совгираның айтуынша, Украина 2018 жылы ЖІӨ өсімі бойынша ТМД елдерін басып озғанымен, абсолютті көрсеткіштерде бұл өсім болмашы ғана. 




Көрілген: 647    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 27.10.2017, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30