Нарық

Төрт жыл бойы сатып жатырмыз. Не пайда таптық?

  • Төрт жыл бойы сатып жатырмыз. Не пайда таптық?

    Төрт жыл бойы сатып жатырмыз. Не пайда таптық?

Қазақстанда соңғы төрт жылдан бері жекешелендірудің екінші кезеңі жүргізіліп келеді. Содан не ұттық, не ұтылдық дегенді Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров айшықтап беріп, Премьер-Министрдің алдына жайып салды.


Осы жылдарда 600-ден артық нысан сатылыпты. Бірақ содан алынған экономикалық тиімділік жоқтың қасы екен. Өйткені:


1. Барлық нысанның бағасы 256 млрд. теңге болған. Бұл республикалық бюджет кірісінің 1 пайызына да жетпейді. Оның үстіне бұл сомадан жекешелендіруді дайындағандар мен өткізгендердің қомақты шығынан алып тастасақ, сатудан түскен табыс сан соқтырады.


2. Сатылған нысандардың 54 пайызы әлеуметтік бағыттағы нысандар (денсаулық сақтау, білім және т.с.с.). Бұлар жекеменшік сектордан экономикалық тиімділік түсірмейді, тек өздерінің шығындарын жабу және пайда табу үшін олар қызметтерінің тарифтерін көтеріп жіберері хақ. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қызмет көрсету нысандары да көп сатылған. Бұл да бәсекелестік ортаны арттыра алмайды, тек өздері ғана қызмет көрсетіп, тарифтерін көтермесе түсірмейді.


3. Жекешелендіру фонд рыногын арттыруға пайда тигізген жоқ, өйткені сатылған 114 холдингтің 29 ғана аукционда алғашқы бағасынан аса алған. Қалған 75 пайызы (85 нысан) алғашқы бағасынан арзандатылып, өз бағасынан әлдеқайда арзанға кетті.


4. Жекешелендіруге шығарылған барлық нысандарды сатудың қажеттілігін ескермей, артынан ойланып 321 нысанның сатылуы тоқтатылды. Бұл жекешелендіруге дайындықтың төмен болғанын көрсетті. Әйтеуір сату керек екен деп бәрін тізімге қоса берген.


5. Жекешелендірсек болды, инвестиция ағылады деген дәме айдалада қалды. Қазір жекешелендірілген нысандардағы экономикалық белсенділік төмендемесе артқан жоқ. Мемлекеттің қатысын қай салада төмендету керектігін де ешкім анықтап, зерделеп көрген емес.


Міне, осының бәрі жекешелендірудің тым асығыс жүргізіліп, әйтеуір команда болған соң орындау керек деп шенеуніктердің ештеңені екшемегенін көрсетеді. Оның үстіне «Қазақинвест», Қазақтуризм» деген тағы да аса ірі ұлттық компаниялар құрылды. Осының өзі мемлекеттің экономикаға араласуын көбейте түспесе азайтпай отырғандығының көрінісі.


Осы мәселелерді ескере келіп, Айқын Қоңыров бастаған мәжіліс депутаттары жекешелендіруді қазіргідей жүргізуді тоқтатып, одан да мемлекеттік активтерді басқарудың жетілдірілген тұжырымын жасау керектігін ұсынып отыр.


С.Елеу, сарапшы


Abai.kz




Көрілген: 737    Пікірлер: 1

сенбі, 10.02.2018, 21:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30