Нарық

ТҮҚЖБ арқылы қайталама нарықтан қалай баспана алуға болады?

  • ТҮҚЖБ арқылы қайталама нарықтан қалай баспана алуға болады?

    ТҮҚЖБ арқылы қайталама нарықтан қалай баспана алуға болады?

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы қайталама нарықтан қалай баспана алуға болады?". Оқырмандарымыздан түсіп жатқан көптеген сұрақтың легі осындай. Осы сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі ТҮҚЖБ баспасөз қызметінен сұрап білді.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы қайталама нарықтан үй аламын деген адам екі жолдың біреуін таңдай алады. Біріншісі - тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашып, ақша жинау арқылы үй алу. Жинақ мерзімі (кем дегенде 3 жыл болуы керек) мен ай сайынғы салып отыратын қаражат көлемін клиент мүмкіндігіне қарап, өзі белгілейді. Жинақ мерзімі біткен кезде клиенттің шотындағы сома үй құнының кем дегенде 50 пайызын құрауы тиіс. Қажет сома көлемін жинап, кемі үш жыл ай сайын ақша салып отырған салымшы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен (3,5 пайыз - 5 пайыз аралығында) тұрғын үй заемын ала алады. Екіншісі - салымшыда ақша жинау мүмкіндігі болмаса, бірақ қолында үй құнының кем дегенде 50 пайызына тең сома көлеміндегі ақшасы болса, банк аралық тұрғын үй заемын ұсынады. Бұл жағдайда салымшының ақшасы депозитке аударылады, ал банк оған қажет сома көлемінде (100 пайыз) заем береді. Бұл заем бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7,5-8,5 пайыз аралығында болады. Ал клиенттің ақшасы үш жыл бойы депозитте жатады, банктің екі пайыздық сыйақысы мен 20 пайыздық мемлекет сыйлықақысы (200 АЕК-тен аспайтын сома бойынша есептеледі) оның үстінен қосылып отырады. Үш жылдан кейін депозиттегі сома негізгі қарызды жабуға жұмсалады, қалған ақша бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесі 3,5-5 паыйзға дейін төмендетіледі.

 




Көрілген: 322    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 12.01.2018, 10:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Qazcom мен Halyk bank бірігеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31