Нарық

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларға өз депозитін сатуға рұқсат берді

  • © Liter.kz

    © Liter.kz

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспаналы боламын деп, ұзақ уақыт қаржысын жинаған адамдар өз депозитін қалаған адамына сата алады. Бұл туралы банктің баспасөз бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.


Банк қызметкерлерінің айтуынша, депозитті бір рет қана сатуға болады және оның жинақталған уақыты бір жылдан кем болмауы керек екен.


"Банкте ақшасын жинап, енді пәтер алатын уақыт келгенде кей адамдардың жеке мәселесі туындап, ақшаны қайтарып алғысы келетін жағдайлар жиі кездеседі", - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде.


Осыған дейін салымшылар өз депозитін тек жақын туысына ғана сата алатын еді.


Айта кету керек, өзгенің депозитін сатып алған адам ол салым арқылы мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайды. Бар болғаны қаржы нарығындағы пәтер сатушылардан сатып алуына рұқсат етіледі.


Сатылатын депозиттер туралы ақпарат банк сайтында жарияланады. 




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 18:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31