Нарық

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұзын-сонар кезек мәселесін қалай шешпек

  • Көрнекі сурет.  © Ibirzha.kz

    Көрнекі сурет. © Ibirzha.kz

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова банк бөлімшелеріндегі ұзын-сонар кезек мәселесін қалай шешілгелі жатқанын айтып берді, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ләззат Ибрагимовадан Астанадағы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ғимаратындағы халықтың ұзын-сонар кезегі, клиенттердің банк менеджерімен тілдесу үшін жарты күнге дейін күту мәселесі бойынша сұрақ қойылды.


«Біз ол мәселені шешеміз. Халықтың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қатысты қызығушылығы артып келеді. Қазіргі таңда банк қызметінің екі орталығын қайта орналастыруды қарастырып, Астанада жаңа банктің бөлімшесін ашуды жоспарлап отырмыз. Клиенттердің ағымы өте үлкен. Сонымен қатар, кезекті азайту үшін көптеген операцияларды интернет-банкингте көбейту жұмысы қолға алынады. Өздеріңіз білетіндей, онлайн-қызметті іске қосқан едік. Адамдар банкке келмей-ақ өз үйінде ұялы телефонымен бірқатар операцияларды жүргізе алса дейміз», - деді Ләззат Ибрагимова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


Ол сонымен бірге, банктің филиалдарын ыңғайлы орынға орналастыру көзделіп отырғанын атап өтті.


«Жаңа нормативтерді енгізе отырып, жуықта директорлар кеңесі бізге өте көп көмектесті. Яғни, біздің банкте ауқымды залдар болады. Сондықтан, жыл соңына дейін біздің банктің жаңа филиалы ашылар деген ойдамын», - деді Ләззат Ибрагимова.


Еске сала кетсек, бұған дейін Ләззат Ибрагимова Қазақстанда 6 мың әскери қызметшіге жеңілдетілген займ берілетінін мәлім еткен еді.


 


 




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 15:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30