Нарық

Түркістанда 114 млн теңге субсидияның заңыз берілгені әшкере болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан қалалық прокуратурасы «Агробизнес-2020» бағдарламасының орындалу заңдылығы мен оның тиімділігіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 114 млн теңге субсидияның заңыз берілгені әшкере болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Облыстық прокуратураның мәліметінше, ауылшаруашылығы бөлімінде талаптың күшейтілгеніне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қаралған субсидия қаржысын жымқыру, шаруаларға заңсыз субсидия беру және бекітілген Ереже талаптарының сақталмауы жиі орын алған.


Сонымен бірге, өзгенің жер учаскесінің құжаттарын пайдаланып, көпжылдық жеміс-жидек дақылдарын отырғызу арқылы субсидия алған 2 шаруа қожалығының алаяқтық әрекеті анықталды. Осы дерек бойынша 4 қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Ал, жайылымдық жер учаскесінің нысаналы мақсатын бұзып, ол жерге көпжылдық жеміс дақылдарын отырғызған шаруа қожалыққа қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қалалық жер инспекциясы оған ҚР ӘҚБтК-нің 339 бабы негізінде әкімшілік шара қолданып, айыппұл салды.


Қазіргі таңда көрсетілген заңбұзушылықтарды жойып, тиісті шара қолдану туралы Түркістан қаласы әкімінің атына ұсыныс енгізілген.


Кінәлі деп танылған 6 тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.


 




Көрілген: 319    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 07.11.2017, 14:37

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30