Түркістанның жері мақта өсіруге қолайлы

Түркістанның жері мақта өсіруге қолайлы

Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан» жоғары сапалы мақта сұрыбы шығарылды, деп хабарлады өңір әкімдігі. Мақтаның жаңа сұрыбы қоғамға «Ақ керуен» дәстүрлі іс-шарасында таныстырылды. Іс-шара Қарашық ауылдық округінің «Тұран» шаруа қожалығында өтті және Түркістан аймағы – бір ғана Түркістан ауданын қамтиды, оның жер бедері, бірақ тегіс, 1-2 метр тереңде малта тастары бар ашық сұр топырақты болып келеді. Мұнда малта тас астындағы ұсақ топырақ ұнтағы шамалы сұр топырақты жер көбірек кездеседі. Бұл аймақтың шығыс бөлігінде әр түрлі дәрежеде сортаңданған сарғылт саздақ сұр топырақты жерлер басым.


Оңтүстік Қазақстанның әр түрлі шаруашылықтарында бір тұқымнан өнген мақтаның өзі де әр түрлі өнім береді. Демек, әр ауданда мақтаны жергілікті топырақ, ауа райы ерекшеліктеріне қарай бейімдеп егіп өсіру керек. Сондықтан да Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсірілетін жерлерінің топырағы, ауа райы, жауын – шашыны және басқа жағдайларына қарай төрт түрлі табиғи – экономикалық аймаққа бөлуге болады.
Осы сұрыптың ерекшеліктері туралы биология ғылымдарының докторы А. Сұлтанов және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А. Әлиев айтып берді. Олар осы мақта талшығының ұзындығы кәдімгі сұрыптарына қарағанда айтарлықтай жоғары екенін атап өтті. Яғни «Түркістан» мақтасының талшықтары 4-үлгіге жатады. Енді түркістандық кәсіпкерлер өңірдің тоқыма кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен толықтай қамтамасыз ете алады. Еске сала кетейік, ағымдағы жылы түркістандық мақта өсірушілер 17 мың тонна тазартылмаған мақта жинауды көздеп отыр. Қала әкімінің орынбасары Т. Мұсаевтың айтуы бойынша, егер өткен жылы мақта егістіктері 3500 га құраса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 6600 гектарға дейін ұлғайған.

"Алаш айнасы" 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста