Тұтыну несиесі қалай пайда болған?

Тұтыну несиесі қалай пайда болған?

Тұтыну несиесінің дәстүрлі және әлеуметтік тарихы

Тұтыну несиесі тек күнделікті өмірде ғана емес, академиялық ортада да талқыланады. XX ғасырдың бірінші жартысында несие және оның адам өміріне тигізетін әсеріне білікті баға берушілер тек экономистер болса, XX ғасырдың ортасынан бастап әлеуметтану өкілдері де қосылды. Экономистер несиені нарықтық экономикадағы заңдылық, экономикалық өсуге жағымды құбылыс ретінде қарастырса, ал әлеуметтанушылар керісінше, қоғамдағы жағымсыз өзгерістердің себебі ретінде қарады. 1990 жылдың соңынан бастап басқа да салалардың өкілдері зерттеуге қосыла бастады.

Тұтыну несиесін құрудағы институционалды талаптар: заң жүзінде реттеу

1545 жылы Англия королі Генрих VIII 10 пайыздан жоғары болатын барлық несиеге қатаң тыйым салды. XVI-XVIII ғасырларда Британ империясы нарығында мұндай несиелер заңсыз жүзеге асты. Алайда, бұл заң 1854 жылы жойылып, заңды түрде еркін дамитын нарық түріне айналды. АҚШ мемлекетінде 6 пайызға дейінгі қарыздар заңсыз деп қаралып, кіші несие (микрокредит) мүлдем дамымады. Аталған екі мемлекет арасындағы айырмашылық: АҚШ мемлекетінде несиеге алынған тауар құқығы сатып алушыға берілсе, Ұлыбританияда тауар құқығы несиені төлеп біткенше сатушыда қала берді.
Тұтыну несиесі бойынша ең алғашқы заң Германияда 1894 жылы қабылданды. Заң несиенің таралуын тежеуге тырысты. Осы кезде АҚШ мемлекетінде тұтыну несиесі заңмен қатаң реттеліп отырса да, несие секторы орнықты бола бастады.
XIX ғасырдағы несие. XIX ғасырда АҚШ мемлекетінде несиенің бес формасы болды: ломбардтар, кіші займдар, достарынан не туыстарынан алынатын займдар, ипотекалық несиелер.
1880 жылы кепілдікке мүліктік құқықты алатын ломбардтар пайда болды. Ломбардтар 1930 жылға дейін жақсы дамыды. Алайда, ломбард қызметі елдің кедей тұрғындарына арналған болатын. Кепілдік ретінде киімдер және жеке қолданыстағы заттар да алынды. XIX ғасырдың соңынан бастап кіші займ беру бизнесі кең етек алып, заңсыз болса да, АҚШ-тағы ең кең тараған желілік кәсіпкерлікке айналды.
XIX ғасырда Ұлыбританияда несие берудің ломбардтық және кіші займдар формасы дамыды. Арнайы жұмысшылар - саудагерлер күнделікті үйлерді аралап, киім не тауар сатып, ақша жинап отырды. Францияда кедейлерге аз пайызбен берілетін қайырымдылық қоры қаржыландырылатын ломбардтар жұмыс жасады. Несиелеудің достардан немесе туыстардан алынатын займ формасы бүкіл Еуропаға тарады.
XX ғасырдың басында тұтыну несиесі АҚШ-та екі бағыт бойынша дамыды. Біріншісі, кіші займдар. Екіншісі, XIX ғасырдың аяғынан бастап қарқын алған, бөліп төлеу.
Осы кезеңде несиенің даму негізі - автомашина нарығы болды. Машиналардың бағасы қол жетерлік болмаған соң, несиеге алуға тура келді. 1913 жылы машина алуға банктер мен сатушылар, сатып алушылар арасындағы делдал болатын алғашқы қаржылық компания ашты.
Бөліп төлеу, тұтыну несиесінің пайда болуы қымбат тігін машиналарын сатумен айналысатын «Зингер» компаниясымен байланысты. Несиенің кең тарауына иммиграция, индустрализация, жалақының жоғарлауы әсер етті.
39-ға жуық қаржы ұйымдары жабылып, барлық компаниялардың жартысына жуығы шығынға ұшыраған Ұлы депрессия кезінде басқа салалармен салыстырғанда несиелік кәсіпорындар зардап шекпеген.
1930 жылдары банктік несие тарала бастады. 1928 жылы Нью-Йорк қалалық банкі алғаш рет персоналды займдар бөлімін ашты. 1938 жылы бұл үлгіні 1222 банк қолдады. Президент Ф. Рузвельттің ұстанған жаңа бағыты бойынша заңға өзгерістер енгізілді: пайыз ставкасы төмендеп, төлеу мерзімі ұзартылды. Несиені сату қарқынды дамыды.

Еуропа елдеріндегі несиелеу формаларының ерекшеліктері

Дүние жүзі бойынша бөліп төлеу жақсы дамыды. Еуропа мен Америкадағы сатып алудың ең негізгісі бөліп төлеу болып есептеледі. 1930 жылы Ұлыбританиядағы сатылымның жартысы бөліп төлеу несие формасы болды. Бөліп төлеудің дамуы жұмысшы табының өмір сүру деңгейін жоғарлатуға, орта тап пен кедей таптың шекарасын бұзуға септігін тигізді. Еуропада спецификалық несиелеу жүйесі болса, Францияда Дюфаэль жүйесі, Германияда Кенигсберг жүйесі, Ұлыбританияда Провиденттік жүйе жұмыс жасады.
Ұлыбританиядағы несиелеу жүйесінің «провиденттік» деген атауы - Provident Clothing and Supply Company компаниясының атымен байланысты. Компания 1880 жылы құрылған. 1910 жылдары компаниямен барлық сауда орындары серіктес болды. Себебі, провиденттік чекке кез-келген затты сатып алуға болатын еді. Адамдар чек үшін 20-24 апта 23,3 жылдық пайыз төлеп отырды. Чектер ақшаның баламасы емес, тек отбасылық мұқтаждық пайда болған кезде ғана қолданылды. Provident компаниясы жұмысшыларды толық емес күндік жұмысқа ала отырып, оларға жаңа клиенттер тауып, чек сатып, төлемдердің мерзімді түсуін қадағалауды жүктеді.
1960 жылдары почта арқылы жіберу дами бастады, провиденттік жүйе оны да тез үйреніп алды. 900 мың жұмысшы таныстары мен туыстарына телефон шалып, оларға каталогтан тауар таңдауға ұсыныс жасау керек болды. 1971 жылы тұтыну несиесін беретін Ұлттық банктың негізі қаланды.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі етек алған демографиялық өсу, тұрмыс деңгейінің жоғарылауы тауарға деген сұранысты көбейтті. Дәл осы шақта бөліп төлеудің екінші қарқыны басталды. Коммерциялық банктер тұтыну несиесін берумен айналыса бастады.

Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы және технология мектебі

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста