Нарық

ҰҚК: Қаржы министрлігінің қызметкерлері криптовалютаны өздері өндіріп келген

  • © Хабрахабр

    © Хабрахабр

Заңға қайшы әрекетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық бөлімшелерінің қызметкерлері жүзеге асырған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті алдын ала тергеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттеріндегі мемлекеттік ақпараттық жүйелердің серверлерінде криптовалюталар өндіру (майнинг деп аталатын) фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 207-бабы (Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу) және 210-бабы (Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалну немесе тарату) бойынша қылмыстық істерді тергеуде" - делінген хабарламада.


Сонымен қатар бұл қылмысты кімдер жасағаны да анықталып жатыр.


"Заңға қайшы әрекетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық бөлімшелерінің қызметкерлері жүзеге асырған. Криптовалюталар майнингіне департаменттердің өздерінің, олардың аудандық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерінің серверлері, сондай-ақ қызметкерлердің анағұрлым өнімді қызметтік компьютерлері қолданылған. Ол үшін серверлер мен компьютерлерге есептеуіш ресурстарды пайдаланатын арнайы бағдарламалар (майнерлер) жасырын орнатылған, ол ақпаратты өңдеу жылдамдығын төмендеткен және олардың жұмысын баяулатуға әкеп соққан. Осы бағдарламалар жүйелік қызметтер түрінде орнатылып, вирусқа қарсы айрықша бағдарламалар тізіміне енгізілген", - деп хабарлайды ҰҚК.


 




 




Көрілген: 695    Пікірлер: 0

сенбі, 03.02.2018, 20:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30