Нарық

Үкімет коммерциялық банктерге тағы 200 миллиард теңге бөлгелі жатыр

  • Үкімет коммерциялық банктерге тағы 200 миллиард теңге бөлгелі жатыр

    Үкімет коммерциялық банктерге тағы 200 миллиард теңге бөлгелі жатыр

Еліміз екінші деңгейлі коммерциялық банктерді тағы да жарылқағалы жатыр. Бұл жолы көмек ретінде 200 миллиард теңге бөлінбек. Ал, қыруар қаржы Бірыңғай зейнетақы қорынан аударылады. Бірақ, Ұлттық банк төрағасы салымшыларды алаңдамауға шақырды, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Өйткені, қарыз ақша тек, сенімді банктерге ғана беріледі. «Көрсеткіші нашар» деп бағаланған қаржылық ұйымдарға көмек көрсетілмейді дейді Ақышев. Сондықтан жұрттың «қартайған шағыма» деп жинаған ақшасы толық қайтарылатынына сенімді. Оның үстіне миллиардтарды алу үшін қаржы ұйымдары өзінің облигацияларын Ұлттық банкке кепілдік ретінде беруі тиіс. Егер банктер берешегін қайтара алмай жатса, мемлекет оның құнды қағаздарын сатып, ақшаны қайтарып алады екен. Ал, қарыз қаржыны банктер шағын және орта кәсіпке және қарапайым тұрғындарға несие ретінде таратуы тиіс. Десе де Ұлттық банктің талай рет аузы күйгені есте. Мәселен, зейнетақы қорының 70 миллиард теңгесін Әзірбайжан банкіне аударып дауға қалған. Коммерциялық банктерге бюджеттен бөлінген 3 триллион теңгенің де берекесі болған жоқ. Тіпті кейбірі әлі берешекті қайтара алмай, банкроттың алдында тұр.




Көрілген: 632    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.05.2018, 13:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31