Нарық

Ұлттық банк Delta bank-ті лицензиясынан айырды

  • Ұлттық банк Delta bank-ті лицензиясынан айырды

    Ұлттық банк Delta bank-ті лицензиясынан айырды

Елімізде тағы бір қаржы ұйымы жабылып тынбақ! Ұлттық банк бұған дейін қайта-қайта «қара тізімге» ілінген Дельта Банктің ақыры қызметін тоқтатты. Өйткені, мекемедегі ақша аударымдарына қатысты заң бұзушылықтар сол күйі ретке келмеген. Осы былықтар үшін де Дельта Банк бірнеше рет депозитке ақша қабылдау мен шот ашу лицензиясынан айырылған болатын. Дельта банктің тізгіні қазір Ұлттық банктің қолында. Енді Бас банк оны тарату туралы сотқа шағымданбақ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Дельта Банктің салымшылары сары уайымға салынатын кез басталды. Өйткені, Ұлттық банк оның қызметін тоқтатты.


Яғни, қаржы ұйымын банктік операциялар мен бағалы қағаздар нарығында қызмет жүргізуге берілген лицензиясынан айырды.


Әзірге Дельта банктің өкілеттілігі Данияр Ақышевтың бұйрығымен тағайындалған әкімшілікке өткен.


Ол уақытша ғана жұмыс істейді. Яғни, банкті тарату туралы сот арнайы комиссия құрғаннан кейін қызметін тоқтатпақ. Айта кетсек, Ұлттық банк Дельта Банкті мәжбүрлі түрде тарату туралы құзырлы орындарға шағымдануға ниетті.


Мұның бәріне қаржы ұйымының қайта-қайта «қара тізімге» ілінсе де, заңды өрескел бұзуын тоқтатпауы себеп.


««Delta Bank» төлем, аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін, үнемі пруденциялық нормативтерді, басқа да сақталуы тиіс нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін 2008 жылдың 24-інші қазанында берілген банктік және өзге де операциялар мен бағалы қағаздар нарығында қызмет жүргізуге берілген лицензиядан 2017 жылдың үшінші қарашасынан бастап айырылады», – деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банктегілер.


Қазір Дельта Банктің қорында жеке және заңды тұлғалардың 92 миллиардқа жуық қаржысы бар. Ұлттық банктің шешімінен кейін сол салымшылардың алаңдап отырғаны белгілі. Сөйтсек, Дельта Банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы екен.


Яғни, банктегі азаматтардың ақшасы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен» қорғалған. Сондықтан, уайымдауға негіз жоқ дейді Ұлттық банктегілер.


Айта кетсек, жабылу алдында тұрған мекеме бұған дейін де Бас банктің қаһарына ілінген. Мәселен, 18 мамырда азаматтардан депозит қабылдап, шот ашу құқығынан айырылған еді. Кейін дәл осы лицензиясынан тамызға дейін қағылды. Бірақ, Дельта Банк бұдан да нәтиже шығармай, Ұлттық банк оны лицензиядан айыру жазасын қарашаға дейін ұзартты. Міне, енді оның да сабақ болмағанын көріп отырмыз.


Айта кетейік, тықыр таянған қаржы ұйымы маусымда аймақтардағы филиалдарын жапқан. Яғни, көп ұзамай түбегейлі жабылатынын сезсе керек, банк бірден 7 қаладағы бөлімшесінің жұмысын тоқтатыпты. 




Көрілген: 232    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 04.11.2017, 13:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30