Нарық

Ұлттық банк теңге бағамының құбылуына қатысты түсініктеме берді

  • © Sputnik / Максим Маслов

    © Sputnik / Максим Маслов

Теңге бағамы ең алдымен Қытайдағы, Ресей мен ЕАЭО-ның басқа елдеріндегі валюта бағамына байланысты құбылып жатыр. Сондықтан ұлттық валютаның қазіргі өзгерісін девальвация деп атауға болмайды. Бұл туралы ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Сіздер білесіздер, 2015 жылдың тамызынан бастап теңге еркін айырбас бағамына көшті. Яғни, ұлттық банк валюта нарығына араласпайды. Егер спекуляция болмаса, ұлттық банк араласпайды. Сондықтан бәрін сұраныс пен ұсыныс анықтайды. Біздің сауда серіктестеріміз Ресейде, Қытай мен ЕАЭО-да, ең алдымен бұл елдердегі валюта бағамы әсер етеді", — деді Ахметов үкімет отырысынан кейін.


Төраға орынбасары басқа дамып жатқан елдердегі валюта бағамының құбылмалығына назар аудартты.


"Егер сіздер Ұлттық банктің сайтына кірсеңіздер, біз апта сайын дамушы нарықтар валютасы қалай құбылып жатқаны туралы ақпарат шығарамыз. Онда Бразилияның, Мексиканың валютасын, түрік лирасының бағамын көре аласыздар. Оларда валюта бағамы 4 пайызға дейін құбылып тұрады. Сондықтан, бұл девальвация емес, тек валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс анықтаған ауытқу", — деді ол.


Сондай-ақ, Ахметов ұлттық банк интервенция жасамайтынын атап өтті.


"Егер де іргелі факторлар дұрыс болса, сауда-саттық спекуляциясы болмаса, ұлттық банк интервенция жасамайды. Бұл шешілген мәселе", — деп қорытты төраға орынбасары.


 


 




Көрілген: 474    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.04.2018, 15:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31