Нарық

Ұлттық банк теңге құлдырайды деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі теңге бағамы төмендейді және инфляция деңгейі өседі деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қаржы реттееушісінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде теңге бағамы және инфляция деңгейінің өсуі туралы жалған ақпарат тарап жатыр.


"Қазақстанның Ұлттық банкі бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қазіргі уақытта әсері бар әрі анық қатер жоқ", - деп мәлімдеді Ұлттық банктегілер.


Соңғы уақыттарда байқалып жатқан теңгенің аздап ауытқуына бірінші кезекте шетелдік валютаға деген еңбек демалыстарына байланысты маусымдық сұраныстың өсуі себеп екені айтылады. Тағы бір факторы АҚШ Федералдық резерв жүйесіндегі мөлшерлеменің өсуі екен. Оның нәтижесінде АҚШ долларының әлемдік нарықта нығаюы мен дамушы нарықтардан капиталының аздаған төмендеуі байқалады.


"Мұнай әлемдік нарығы тарапынан теңге айырбас бағамына жағымды әсерін тигізіп отырғаны байқалады. Мұнайдың орташа бағасы барреліне 70 долларға жуықтайды. Осының есебінен елдің төлем балансы жақсарады", - делінген хабарламада.


ҰБ мәліметінше, жылдық инфляция арнаулы дәліз ішінде төмендеп жатыр. Мамырда оның деңгейі 6 пайызға тең болған. Сонымен қатар, жыл басынан бері инфляцияның барлық құрамсы бойынша төмендеуі байқалған. Ұлттық банк жалған мәлімет таратушыларды табу үшін құқық қорғау органдарына жүгінді.

 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.06.2018, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30