Нарық

Ұлттық банк зейнетақы төлемі мен сақтандыру аннуитетіне кепілдік беруді ұсынады

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Ұлттық банк зейнетақы төлемі мен сақтандыру аннуитетіне кепілдік беруді ұсынады. Бұл туралы Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы Қаржы және бюджет комитеті отырысында айтылды.


Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрмановтың мәліметінше, өзгеріс «Сақтандыру туралы» заң жобасына енгізілген. Қазір мемлекет жинақталатын зейнетақыны инфляция деңгейінде ұстап тұруға кепілдік береді. Бірақ зейнетақы аннуитеті мен оқыс жағдай кезінде жұмысшыларға берілетін міндетті сақтандыруға кепілдік жоқ. Бас банкирдің орынбасары бұл жаңашылдық сақтандыру жүйесіне деген сенімді арттырады дейді.


Жанат Құрманов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:


- Әрине, толыққанды кепілдік беру мүмкін емес. Яғни сақтандыру компаниясына қойып отырған талапты ауыстыруға болмайды. Бірақ сақтандыру портфелін сақтандыру компаниясынан басқаға берген кезде қорғалмай қалатын адамдар болады. Мұндай жағдайлар көп емес. Алайда әлеуметтік жағынан ол аса маңызды.


Ал туристік мақсатпен шетелге баратын азаматтарға сақтандыру полисін алу міндеттелуі мүмкін. Өйткені қазіргі жүйе тиімсіздігін көрсеткен. Сақтандыру қызметі онлайн сатылмақ. Бұл өте ыңғайлы. Мұндай тәжірибені әлем халқының 40 пайызы пайдаланады екен. Заң жобасы әлі де талқыланады.


astanatv.kz


 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

сенбі, 03.02.2018, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30