Нарық

Ұлттық қордағы 22 млрд долларға қойылған шектеудің күші жойылды

  • CC0

    CC0

Голландия соты Ұлттық қордың 22 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне шектеу қою туралы шешімнің күшін жойды, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.


"2018 жылдың 23 қаңтарында Амстердам қаласы округтік соты Bank of New York Mellon банкінің кастодиалдық сақтауындағы Ұлттық қордың активтерінен шектеуді жою жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өтінішхатын қанағаттандырды", — деп жазылған хабарламада.


Сот Ұлттық банктің және процесте үшінші тарап ретінде қатысқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұстанымын мойындап, Ұлттық қорға қол сұғылмайтынын мәлімдеді.

Нидерландының сот органдары бұдан бұрын молдовалық кәсіпкер Анатол Статиге дәл осы активтерге шектеу қоюдан бас тартқан болатын. Стати бұл фактілерді жасыра отырып, сотты жаңылыстырған.


Сонымен қатар, сот Статиге қазақстандық тарапқа сот шығындарын өтеп беруді міндеттеді.


Бельгияның сот органдары да осындай алдын ала шектеу қойды. Оған шағым жасау жөніндегі жұмыс белгіленген тәртіпте жалғасып жатыр.


Sputnik


 


 




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.01.2018, 11:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30