Нарық

Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті "Магнум" супермаркетіндегі жағдайға қатысты түсінік берді

  • Видеодан жасалған скриншот

    Видеодан жасалған скриншот

Сатып алушы Қазақстанның ірі сауда желісін шұжықтың көрсетілген салмағынан аз тартады деп айыптады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Оның сатушыға өз сөзін дәлелдеп жатқан сәт видеоға түсіп қалды. Видеодан ер адамның дүкен қызметкерлеріне шұжықтың салмағы көрестілген жапсырма қағаздағы салмақ пен оны өлшегенде 200 грамм айырмашылық көрсетіп жатқанын байқауға болады. Осыдан кейін ер адам сөреге жақындап, өзге шұжықты алады. Бұл шұжықтың да салмағы артық көрсетілгені анықталады.



Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская құнын, салмағын артық көрсету үшін жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 190-бабы бойынша қарастырылғанын айтады.


"Бұл дерек бойынша видео және суреттер дәлел болады. Видеоға түсіру тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында оферта келісімшарты бар кез келген жерде рұқсат етілген. Сондықтан сатып алушы әкімшілікке және әкімшілік полицияға шағымдана алады. Әрине материалдық шығын мен моральді зардапты өтеуін талап етуге құқылы", - дейді Романовская.


Сауда желісінің өкілдері әзірге бұл туралы түсінік бермегенін айта кетейік.

 




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.11.2017, 18:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31