Нарық

Үшінші энергоблок құрылысы жалғасады

  • Үшінші энергоблок құрылысы жалғасады

    Үшінші энергоблок құрылысы жалғасады

Павлодар облысы әкімдігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ы арасында бекітілген меморандум аясында Екібастұз МАЭС-2 станциясының үшінші энергоблогы құрылысының жобасы белгіленді.


Аймақ басшысы Болат Бақауов пен акционерлік қоғам басшысы Алмасадам Сәтқалиев қол қойған құжат бірнеше жобаны бірден жүзеге асырудағы әріптестікті көздейді.


Бұл жобаларға «Богатырь» кенішінде көмірді ұсатып, тасымалдау жүйесіне циклді-ағынды аршу технологиясын енгізу және Екібастұз МАЭС-2 станциясының №3 энергоблогын кеңейтіп, қайта жарақтау кіреді.


- Станцияға үшінші энергоблок орнату – біздің ежелгі арманымыз, - дейді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Бұл мәселені біз бірнеше жылдан бері қарастырып келеміз. Кей жұмыстар орындалды, бірқатар жабдықтар дайын, тек бастап кету керек. Бұл жоба қаржыландырылуы жағынан аса ауқымды және жүзеге асыруға ең кемі екі жыл қажет.


Аймақ басшысы бұл жобаның іргедегі Солнечный кентінің тамырына қан жүгіртерінен үмітті. Екібастұзға іргелес орналасқан шағын кентте біраз иесіз қалған үй бар, жаңа энергблок құрылысының жүзеге асуы бұл үйлердің жұмысшылар баспанасына айналдыруға септігін тигізер еді.


Сонымен қатар, меморандумда өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін залалын төмендету жайы да сөз болды. Яғни, әңгіме күл қалдықтарын ұқсату жөнінде. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-ы Екібастұз көмірін байыту жобасы шеңберінде жалпы өнім көлемін ұлғайтып, нарықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруда.


Жанаргүл Қадырова,

Павлодар облысы


 




Көрілген: 428    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 22.09.2017, 21:53

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30